You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 34336
    Дата: 10.07.2017 13:15:59
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор! 16.06.2017 ж.берілген арыз-шағымға жауап берілген. 28.06.2017 ж. берілген жауап дұрыс көрінбейді. Д.Баймурзинге жауап деп жазылған, басқа ештене жоқ.
    Жауап күні:
    11 шілде, 2017 - 15:46
    Жауап:
    Д.А.Баймурзинге Дүйсенғалиев көшесі, 14/1 Атырау қаласы,060000 Құрметті Думан Амиргалиевич! Борышкер А.Саркуловадан берешек өндіру (345 700 теңге) туралы сот шешімінің ұзақ уақыт бойы орындалмауы жөніндегі өтінішіңіз облыс прокуратурасымен атқару өндірісін зерделеу арқылы қаралды. Жеке сот орындаушы Г.Көшербаева 11 қыркүйек 2015 жылы аталған сот актісі негізінде атқару өндірісі қозғалған. Берешекті өтеу мақсатында борышкердің барлығы 174 950 теңге (19.11.2015ж.-70 000 теңге, 13.07.2016ж.-10 000 теңге, 16.07.2016ж.-10 000 теңге, 14.11.2016ж.-10 000 теңге, 03.08.2016ж.-9 000 теңге, 22.12.2016ж.-14 000 теңге, 31.12.2016ж.-20 000 теңге, 14.01.2017ж.-1 950 теңге, 16.01.2017ж.-20 000 теңге, 18.02.2017ж.-10 000 теңгеге түбіртектер) төлегендігі анықталды. Атқару өндірісі құжаттарында Сіз тағы 172 850 теңгені алғандығыңыз туралы қолхат (25.08.2016ж.) тіркелген. Арызды қарау барысында телефон арқылы Сіз қолхат бойынша тек 15 000 теңге алғандығыңызды хабарладыңыз. Көрсетілген жағдайда Сізге аталған қолхаттың жарамдылығын даулау қажет. Ол үшін қажет болса сотқа жүгіну керек. Берілген жауаппен келіспесеңіз, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдану құқығыңызды түсіндіремін. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд:А.Ө.Ахметова тел:901454
  • Сұрақ №: 33896
    Дата: 16.06.2017 15:09:37
    Аты-жөні: Баймурзин Думан
    Сұрақ:
    Құрметты прокурор! Мен, Баймурзин Думан Амиргалиевич Атырау облысы, Атырау қаласының тұрғынымын. Қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі бойынша талапкер болып табыламын. 13 тамыз 2015 жылы Ақтөбе қалалық сотының шешімі шығып, 21 қыркүйек 2015 жылы жеке сот орындаушы Г.Кушербаеваның өндірісіне берілді. Алайда күні бүгінге дейін сот шешімі толықтай орындалмай келеді. Сот орындаушы менімен байланысын үзіп, телефон қоңырауларыма жауап беруді қойды. Осыған дейінгі байланысымызда сот орындаушы жауапкерден жауап алу үшін жауапкер А.А.Саркулова шақыртуларына келмей жүргенін алға тартты. Бұл қаражатты мен банктен кредитке алған едім. Банктің өсімпұлдары күннен – күнге өсуде. Бұл мәселе бойынша Ақтөбе қалалық прокуратурасына шағым жолдағанмын. Алайда прокуратура өкілдері сот орындаушыға жауапкер А.А.Саркулованы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы нұсқау беріліп, сот орындаушы жауапкерді Ақтөбе Әкімшілік соты арқылы 10 АЕК /21 000 тенге/ шеңберінде ғана әкімшілік айыппұл салынғандығы туралы хабарлады. Әкімшілік айыппұл мемлекет кірісіне алынды, ал менің алдымдағы қарызды кім өтейді? Жауапкердің өзімен де оның анасымен де осыған дейін хабар алысып тұрғанбыз. Қарызды қайтарамыз, қайтарамыз деп құр уәдемен тойдырып келеді. Соңғы бір –екі айда соққан телефон қоңырауларыма, жазған хабарламаларыма мүлдем жауап бермей жүр. Сот шешімі шығып түрған жерде толықтай орындалуы міндетті деп есептеймін. Ақтөбе облыстық прокуратурасынан нәтиже болмаса республикамыздың Бас Прокуратурасы мен Жоғарғы сотына шағым берілетіндігі жөнінде айтқым келеді. Құрметті прокурор, Сіздің араласуыңызды және көмектесуіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    28 маусым, 2017 - 19:02
    Жауап:
    ответ на обращение Баймурзина
  • Сұрақ №: 33817
    Дата: 13.06.2017 15:00:56
    Аты-жөні: Самбетов Бейсен
    Сұрақ:
    Құрметті Нұрғалым Мәжитұлы! "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Ақтөбе облысында "Казахстан Кайнд Майнин Инвестмент компании" ЖШС - де жұмыс атқарған бір топ Кентау қаласының тұрғындары 2017 жылдың ақпан-мамыр айларының жалақысын ала алмай жүргендігі және 2017 жылдың наурыз айынан бастап зейнетақы қорына ақша аударылмағаны туралы арызданып келген болатын. Бұл арыздың алдында мамыр айында да бір топ азаматта осы серіктестіктің алдап еңбек ақыларын бермей жүргендігі туралы арызданып келген болатын және ол арыздары Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясына жолданған болатын, алайда еңбек инспекциясы тарапынан, аталған серіктестік басшыларының белгісіз себептермен жоқ болуына байланысты жауабын алалмай отырмыз. Осы мәселенің анық қанығын анықтап еңбек жалақыларын толықтай алып беруге көмек көрсетуіңізді сұраймыз.Жоғарыда көрсетілген азаматтардың өтініштері пошта арқылы Сіздерге жолданды.
    Жауап күні:
    16 маусым, 2017 - 18:53
    Жауап:
    Б.Д. Самбетовқа Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы Құрметті Бейсен Дуйсенұлы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысының прокуроры Н. Абдиров Орын: Н. Тұрышов 713219011449
  • Сұрақ №: 32254
    Дата: 04.04.2017 20:21:31
    Аты-жөні: Исаев Нұрхат
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мен 2016 жылы 2010-2014 жылдар аралығында Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде грантқа ауылдық квота бойынша түскен едім! Сәйкесінше мен жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң ауылға жұмысқа баруға міндеттелдім! Бірақ оқу аяқтаған соң Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистратура бөлімінде оқуымды 2014-2016 жылдар аралығында жалғастырдым! Аяқтаған соң мен облыстық білім басқармасына барып тіркелдім! Маған айтқаны бойынша директорлардың барлығы тиесілі демалыста ,сондықтан жұмысқа шыққан соң өздері хабарласады делінді де барлық облыстағы аудандардың физикадан мұғалім керек деген аудандық білім бөлім басшыларнынң нөмерін қолыма ұстатып шығарып тастады. Содан күттім ешкімнен хабар болмады. Қыркүйек айы жақындаған тұста 2016 жылдың 20-25 тамыз аралығында Хромтау ауданы, Никельтау ауылы орта мектебінің директоры қоңырау шалып жұмысқа шақырды. Яғни ол жер ауыл болғандықтан бірден келісе кеттім, себебі ауылдық квота бойынша 1683800 тг төлегім келмеді. Жалпы қазіргі уақытта сол Никельтау ауданында физика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарам.Ендігі менің сұрағыма қатысты кеше 03.04.2017 күні жұмыста отырсам маған Никельтау мектебінің есепші (бухгалтер) хабарласып менің атыма соттың шығарған искі келіп тұр және сәуір айынан бастап айлығымның 50-ы ұсталатыны жөнінде айтылады 1683800 тг өтеп болмайынша солай жалғасады дейді. Мен ауылдық жерде жасап жатырмын және магистратура бітірдім бірақ облыстық білім басқармасы мені ауылға жұмысқа жіберудің бағыттаудың орнына үстімнен қаржы бөліміне іске жіберіпті. Жалпы логикамен ойланып қарасада боладығой магистр адам ауылда не істеп жүр деген. Оның үстіне мен облыстық білім бөлімінен қашпадым ешқандай. Маған жұмыс жасайтын ауыл тауып беріңдер деп облыстық білім бөліміне тіркелгем . Өздері мені жұмыспен қамтамасыз етпейді ауылдық жерден немесе қаржы полициясын жіберіп ақша өндіргісі келеді, факт бойынша мен ауылда жұмыс атқарудамын және ауылда аудандық көлемде жарыстар ұйымдастырып , оқушыларым республикалық жарыстан орын әкелуде. Ал облыстық білім басқармасы мен қаржы бөлімінің менен ақша талап етуін тоқтатылуын қадағаласаңыз өтініш. Мен миллиондап ақша тауып отқан бай емеспін бар болғаны қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жас маман патриотпын! Бұл жағдай шешімін табады деген үміттемін.
    Жауап күні:
    7 сәуiр, 2017 - 16:12
    Жауап:
    Н.Ж. Исаевқа Құрметті Нұрхат Жандоллаұлы блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысының прокуратурасы
  • Сұрақ №: 32253
    Дата: 04.04.2017 20:18:05
    Аты-жөні: Исаев Нұрхат
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мен 2016 жылы 2010-2014 жылдар аралығында Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде грантқа ауылдық квота бойынша түскен едім! Сәйкесінше мен жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң ауылға жұмысқа баруға міндеттелдім! Бірақ оқу аяқтаған соң Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің магистратура бөлімінде оқуымды 2014-2016 жылдар аралығында жалғастырдым! Аяқтаған соң мен облыстық білім басқармасына барып тіркелдім! Маған айтқаны бойынша директорлардың барлығы тиесілі демалыста ,сондықтан жұмысқа шыққан соң өздері абарласады делінді де барлық облыстағы аудандардың физикадан мұғалім керек деген аудандық білім бөлім басшыларнынң нөмерін қолыма ұстатып шығарып тастады. Содан күттім ешкімнен хабар болмады. Қыркүйек айы жақындаған тұста 2016 жылдың 20-25 тамыз аралығында Хромтау ауданы, Никельтау ауылы орта мектебінің директоры қоңырау шалып жұмысқа шақырды. Яғни ол жер ауыл болғандықтан бірден келісе кеттім, себебі ауылдық квота бойынша 1683800 тг төлегім келмеді. Жалпы қазіргі уақытта сол Никельтау ауданында физика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарам.Ендігі менің сұрағыма қатысты кеше 03.04.2017 күні жұмыста отырсам маған Никельтау мектебінің есепші (бухгалтер) хабарласып менің атыма соттың шығарған искі келіп тұр және сәуір айынан бастап айлығымның 50-ы ұсталатыны жөнінде айтылады 1683800 тг өтеп болмайынша солай жалғасады дейді. Мен ауылдық жерде жасап жатырмын және магистратура бітірдім бірақ облыстық білім басқармасы мені ауылға жұмысқа жіберудің бағыттаудың орнына үстімнен қаржы бөліміне іске жіберіпті. Жалпы логикамен ойланып қарасада боладығой магистр адам ауылда не істеп жүр деген. Оның үстіне мен облыстық білім бөлімінен қашпадым ешқандай. Маған жұмыс жасайтын ауыл тауып беріңдер деп облыстық білім бөліміне тіркелгем . Өздері мені жұмыспен қамтамасыз етпейді ауылдық жерден немесе қаржы полициясын жіберіп ақша өндіргісі келеді, факт бойынша мен ауылда жұмыс атқарудамын және ауылда аудандық көлемде жарыстар ұйымдастырып , оқушыларым республикалық жарыстан орын әкелуде. Ал облыстық білім басқармасы мен қаржы бөлімінің менен ақша талап етуін тоқтатылуын қадағаласаңыз өтініш. Мен миллиондап ақша тауып отқан бай емеспін бар болғаны қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жас маман патриотпын! Бұл жағдай шешімін таады деген үміттемін.
    Жауап күні:
    7 сәуiр, 2017 - 16:08
    Жауап:
    Н.Ж. Исаевқа Құрметті Нұрхат Жандоллаұлы блогты пайдаланушы! Сұрағыңызды блогқа орналастыру кезінде Сізбен Пайдаланушының келісім шарттары сақталынбаған. Назар аударыңыз: қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы өтініштер Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына былайша жолданады: - арнайы әкеліп тапсыру; - пошта арқылы жолдау; - www.115.kz электронды порталына жіберу. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу қажет. Ақтөбе облысының прокуратурасы

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.