You are here

АҚПАРАТ прокуратура органдары жүйесіне қызметке орналасушылар үшін

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

100 нақты қадам – Ұлт Жоспарына сәйкес Елбасымыздың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет орналасушы азаматтарды  іріктеудің   үш сатылы жүйесі енгізілді.

Бірінші сатысы. Мемлекеттік тілді  және Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуін тексеру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде және оның аймақтық органдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) жеке басының қасиеттерін бағалау үшін тесттен өту. 

Екінші сатысы. Агенттікте іріктеу  процедураларынан нәтижелі өткен және мемлекеттік тіл мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуін тексеру бойынша тесттен өткені туралы Сертификат пен жеке басының қасиеттерін бағалау тестісінің нәтижелері бойынша  Қорытындысын алған жағдайда, құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға үміткер (кандидат) тікелей  құқық қорғау органында (прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экономикалық тергеп-тексеру қызметі) өткізілетін іріктеуге және конкурсқа қатысуға құқылы болады.

Үшінші сатысы. Құқық қорғау органының конкурстық комиссиясымен сұхбаттасудан өту.

Құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет орналасушы азаматтарды тесттен өткізу ережелері, бағдарламалары мен ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 20 қыркүйек  2016 жылғы № 1бұйрығымен бекітілген.

 

Прокуратураның кадрлар қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.