You are here

Ақтөбе қ., 30 маусым 2017ж. «Қолжетімді Ақтөбе» акциясын өткізу туралы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбе қ., 30 маусым 2017ж. «Қолжетімді Ақтөбе» акциясын өткізу туралы»  - 101386535

Бүгін, Ақтөбе облысының прокуратурасы (сағ. 10.00 ден 16.00 дейін) Ақтөбе қаласында және Ақтөбе облысының барлық аудандарында  «Қолжетімді Ақтөбе» акциясын өткізілді («Ашық есік Күні» шарттары бойынша).

Акция ата-анасының қамқорлығынсыз жетім қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына, қабілетсіз және қабілеті шектеулі  тұлғаларға    құқықтық көмек  көрсетуге бағытталған (кеңестер беру, талап арыздардың жобасын әзірлеу, мәселелерді жергілікті орында шешу,  өтініштерді  (арыз-шағымдарды) қабылдау және т.с.с).

Құқықтық көмек еңбек және әлеуметтік қорғау Департаменті мамандарымен, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  саласындағы жергілікті атқару органдарымен   көрсетіледі.

Мысалы, қамқорлығындағы тұлғаның мүддесін білдіруші қамқоршы жәрдемақы мен зейнетақыны алу тәртібін білмеуі мүмкін, еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментінің  мамандары науқан барысында осы тәртіпті түсіндіріп береді.

Сондай-ақ, қамқоршы медициналық көмек  алу кезінде де қиындыққа, күрделі мәселерге кездесуі мүмкін, бұл жерде  денсаулық сақтау Басқармасының мамандары қиын мәселелердің себептерін жете зерделеп, оларды шешу жолдарын  қарастырады.

Бұған қоса, науқан, кездесетін жүйелі күрделі мәселерді, алдағы уақытта оларды жою бағытындағы ұсыныстар әзірлеу үшін,  анықтауды көздейді.

Акция Ақтөбе қаласы прокуратурасының ғимаратында өткізілді, нәтижесінде  алимент өндіру, мемлекеттік қордан тұрғын үй алу, медициналық көмек алу жөнінде 17 азамат қабылданды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.