Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің нәтижесі | Ақтөбе облысының прокуратурасы

You are here

Ақтөбе облысы прокуратурасының бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің нәтижесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысы прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметінің қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өткізілді.

Мәжілісте атап өтілгендей, алты айда енгізілген 395 қадағалау актісінің қаралу нәтижесі бойынша 8 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалып, 562 лауазымды тұлға жауапкершіліктерге тартылды.

Қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 3,7 млрд. теңге өндіріліп, жергілікті атқарушы органның 85 заңсыз актілері бұзылып, өзгертілсе, оның ішінде 3 нормативтік мәтінде.

Прокурорлармен 15 сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталса, оның ішінде 11 аяқталып, 2 бойынша айыптау үкімдері шығып, 9 келтірілген залалардың өндірілуіне байланысты қысқартылды.

Облыстағы ірі кәсіпорындар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Казхром» ДКБК АҚ, «СНПС-Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС, «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС-де және «Ұлы қабырға ҚҚБК» ЖШС-і қызметінде қызметкерлердің көптеген еңбек құқықтарының бұзылу деректері анықталды.

Ықпал ету актілерімен жалақыларынан заңсыз сомалар ұсталған, еңбек және гигиенаны қорғауда арнайы заттармен қамтамасыз етілмеген, еңбек демалыстарын беруде жалпы жағдайлар жасалмаған 2 мыңнан астам жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.

«Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС басшылығымен өндірісте, яғни 100% жұмыс берушінің кінәсінен орын алған жарақатты жасыру дерегі анықталып, ол бойынша өтемақыны төлеу қамтамасыз етілді. 

Ішкі істер органдарымен сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталып, еңбек инспекциясы басшысының орынбасары және 2 бөлімнің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау шараларымен 2 227 жұмысшының 328 млн. теңге жалақы берешектері өтелді.

Жер заңнамасының қолданылу аясында бұйрықтар шығару арқылы ауылдық округтегі жер учскелерін неғұрлым кадастрлық құны жоғары басқа жерлерге ауыстырған Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Ж.А.Сармановқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.  

Арнайы прокурормен жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша, өзінің қылмысты ашу көрсеткішін жақсарту мақсатында Ақтөбе қаласының тұрғынын ашылмаған ұрлықты мойындауына итермелеген Ақтөбе қалалық ІІБ Елек ПБ жедел уәкілі С.Е.Әлпеисовке қатысты сотпен айыптау үкімі шықты.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.     

 

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.