You are here

Актобе облысында «Десанттың» жұмысы жалғасуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Актобе облысында «Десанттың» жұмысы жалғасуда - 1232808608

Бас прокурор Ж.Қ.Асановтың бастамасын жалғастыру мақсатында қазан айының 9-жұлдызынан бастап жергілікті ведмоствоаралық топтармен Ақтөбе облысының 8 ауданында «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылды. Жұмыстар 6-қарашада аяқталды.

250-ден астам қызметкерлер мен сарапшылар жұмыс жасады. 4 қала, 53 ауылға барған. 13 мыңнан астам шақырым жүрді.

Шамамен 2 мың іс шаралармен 80 мыңнан астам адамды қамтыды. 1,8 мың адам нақты көмек алған.

Жаңа әдістер қолданылды.

Мәселен, ауыл тұрғындарына «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник»  облыстық газеттеріне жазылу сертификаттары берілді.

С. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ-нің профессоры  Г. Муканбетовамен діни негідермен екпе (вакцинация) алудан бас тартқан 35 жанұямен кездесу өткізіліп, 8 отбасының ата-аналарын екпе алуға биімдеді.

Медициналық сақтандыру жүйесін және орта кәсіби оқыту бағдарламалары түсіндіру жүргізілді. Колледждерге қабылдау үшін 16 оқушы таңдап алынды.

I. Діни мәселелер және ауқымды түсіндіру жұмыстары.

Еліміздің танымал 9 теолог мамандарын шақырдық. 21 тұлғаны дәстүрлі дінге бейімдедік. 5-уі намаз оқудан бас тартты. 52 тұлға дәстүрлі дінге бейімділік  танытты.

1 Үлгілі аудандық мешіт анықталды.  Хромтау ауданында орналасқан мешітті жөндеуге 7,5 млн. тенге анықталды.

2 ауылдық мешітке тәжірибелі имамдар тағайындалды. 2 аулдық мешіттің имамының жалақылары көтерілді.

Әйлдер жамағатының 1 көшбасшысы анықталып, оған тігін цехы ашып берілді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 14 діндәр әйел жұмыспен қамтылды.

ІІ. Бизнесті дамыту

94 ауыл әкімдерін тұрғындар арасында өз ісіне қызығушылықты қалай тудыру қажет екеніне үйреттік, нақты бизнес идеялармен қамтамасыз еттік. 3 «жақсы», 3 «нашар» ауыл әкімдерін анықтадық.

727 адам бизнес саласындағы 4 түрлі мастер-класстардан өтті. Олардың кейбіреулері өз істерін ашты.

Мәселен, Хромтау қаласының тұрғыны «Кіші бизнестің әсемдік индустриясындағы мүмкіндіктері» мастер-класынан дәріс алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тұрғындарға визаж қызметін көрсетуде.

Нақты бизнес-жоспарлар  қаржыландырылды. Даму институттары 184,9 млн. тенге бөлді. Қосымша 179,2 млн. тенге жобалар мақұлданды.

113 адам «Бизнес бастау» курстарына орналастырлды, «Бизнес кеңесшісі» курстарында оқытып, 63 ауыл тұрғындарына сертификаттар берілді.

Ащы селолық округі, Ноғайты ауылындағы Байғанин техникалық колледжі негізінде 15 ауыл тұрғындарына  «аспазшы» «тігінші» және «шаштараз» мамандықтары бойынша 2 айлық курстар ашылды.

ІІІ. Әлеуметтік қолдау

202 тұлғаны жұмыспен қамтыдық. 37 балаға жәрдемақылар тағайындалды. Облысымыздың үздік дәрігерлері ауылдарда 600-ден астам науқасты емдеді.

Ақтөбе клиникаларына 81ауыл тұрғындарын жолдады. 150-ден аса мектеп оқушылары сауықтыруға алынды.

Мәселен, Хромтау ауданың 2 тұрғыны реанемобилмен облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, оларға сол жерде ота жасалынды.

Облысымыздың бас хирургі өзінің командасымен аудандарда 43 ота жүргізді.

Атап айтқанда, профессор А.Тусупкалиевпен (БҚММУ МО акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі) аудан ауруханасында Хромтау қаласының 3 тұрғынына күрделі хирургиялық оталар жүргізді.

«СтомКар» тіс дәрігерлік көлігінде 815 ауыл тұрғындары, сооның ішінде 790 баланың тісі тегін емделді.

17 мүгедекке көмекші құрылғылар берілді, 153 мүгедекке негізсіз төленген 230,0 мың тенге көлемінде салық сомасы кері қайтарылды.

«Жақыныңа көмектес» қайырымдылқ акциясымен 180 ауыл тұрғындары және аз қамтылған отбасыларын материалдық көмек көрсетілді.

ІV.  Ақпараттық жұмыс

3 мыңнан астам ауыл тұрғындарына Президент жолдауы, Ұлт жоспары  және  басқа да бағдарламалық құжаттар мазмұны жеткізілді. БАҚ, соның ішінде республикалық БАҚ құралдарында жергілікті десанттың жұмысы туралы 636 материал жарық көрді.

Жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремизмге қарсы мазмұндағы 106 ролик таратылды. Интернетте 367 террористік мазмұндағы материалдар анықталып, оның 289 бүгінгі күні жабылды.

V. Құқық қорғау шаралары және террорлық актілері қауіпіне дайындық.

         2,2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерді, 8 мыңға жуық оқушылар мен оқытушылар террорлық акті қауіпі туындаған кездегі тәртіпке оқытылды, 18 мыңнан аса буклеттер таратылды.

         Терроризмге бейім 109 объекті зерттелді, аудан көлемінде террористік тұрғыдан осал объектілер тізілімінен шығаруылға жататын 6 объекті және аталған тізілімге енгізілуге жататын 16 объекті анықталды.

«қАРУ» жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде 26 тұлға, «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 40 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Түрлі объектілерде өздіқ жасалған жырылғыш құрылғылар муляждарын қою жөнінде шұғыл эксперименттер жүргізілді. Жалпы ұйым жұмысшылары мен полиция қызметкерлері өздерінің әзірлігін көрсетті. Аудандық жедел штаптардың террорлық қауіпке дайындығын жоғарлату бойынша басқа да шаралар жүргізілді.

 

VІ. Экстермизм мен терроризмді қаржыландырудың жолын кесу.

Тіркеуге алынбаған 32 кәсіпкерді есепке қойдық (такси қызметі 16, ұялы телефондарды сату 5, тұрғын алаңдарды жалға беру 11). Бірқатар жедел іс-шараларды жүзеге асырдық.

Ауыл тұрғандары облыс орталығының шенеуніктері мен сарапшыларының жұмыстары оң бағалады. Нақты көмек ала отырып, шынайы алғыстарын білдірді.

Бас прокурор Ж.Қ.Асановтың «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша бастамасы Ақтөбе облысында алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.