You are here

Ақтөбе облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбе облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті - 471284149

Бүгін Ақтөбе облысының прокуратурасында Отан қорғаушылары және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін атап өтуге  арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында республика  прокуратурасы тарихында есімі алтын әріптермен ойып жазылған  Өтеген Сейітұлы Сеитовке құрмет көрсету ретінде облыс прокуратурасы ғимаратындағы мемориалдық тақта алдына гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Прокуратура органдары ардагерлері бірлестігінің басшылығымен «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасымен түсірілген «Прокуратура ардагерлері» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткізілді.

Бұған қоса, дәстүр бойынша салтанатты іс-шараға орайластырылып, прокуратураның жас маман-қызметкерлері ант қабылдап, алғашқы сыныптық шендеріне ие болды.

 Отан қорғаушылары күнін атап өту құрметіне прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне ведомстволық наградалар мен медальдар табысталып,  ерекшеленген прокуратура қызметкерлері Бас Прокурор мен облыс прокурорының бұйрықтарымен марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңы  прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері арасында өткізілген спорттық жарыс жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті - 455725681
Ақтөбе облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті - 1583277814
Ақтөбе облысының прокуратурасы Отан қорғаушылар және Жеңіс күндерін атап өтті - 45612853

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.