You are here

Ақтөбе облысының прокуратурасы жетім балалардың құқықтарын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижелері бойынша патронат тәрбиешілермен және қорғаншылармен өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаудың көптеген деректерін анықтады.

Мәселен, жекелеген жағдайларда тәрбиеленушілер тәрбиешілерден бөлек тұрған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз жүргені үшін, кәмелетке толмағандар бейімдеу Орталығына жеткізілген жағдайлар анықталды.   

Бұл жағдайлар балалармен әкімшілік құқұқ бұзушылықтар жасауға себеп болған. Аталған деректерге қарамастан, тәрбиешілер ай сайын орта есеппен 60 000 теңге көлемінде еңбекақыларын алып отырған.

Қамқоршылық және қорғаншылық органымен патронат тәрбиешілердің қызметіне тиісті бақылау қамтамасыз етілмеген, балаларды тәрбиелеу, олардың денсаулықтары мен мүліктерінң жағдайлары бойынша тиісті есеп беру талап етілмеген

Осының салдарынан жетім балалардың тәрбиесімен соттылығы бар, нарко-псих-тубдиспансерде есепте тұратын тұлғалар айналысқан.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 34 баланың мүліктік құқықтары қалпына келтірілді, 21 кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін алимент өндіре басталды, 7 баланың мүлкіне олар кәмелет жасына толғанға дейін билік етуге шектеу қойылды, 2 баланың мүлікті жалға беруден түскен қаржыларын, олардың «Жилстройсбербанк» АҚ шоттарына аудару басталды.

Талдау қорытындысы бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде Бас прокуратураға ұсыныстар жолданды.   

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.