You are here

Ақтөбе прокурорлары қабілетсіз жарымжан тұлғалардың құқықтарын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен қабілетсіз жарымжан тұлғалардың мүдделерінің, оның ішінде мүліктік және басқа да құқықтарының қорғалуына талдау жасалды.

Талдаумен  қабілетсіз жарымжан тұлғалардың құқықтарының бұзылуы бойынша  көптеген деректер  анықталды.

21 қабілетсіз тұлғаның мүліктеріне және 2 азаматқа   қорғаншылық белгіленбеген, ал 17-не қорғаншылық уақытылы белгіленбеген. 

Қорғаншылық тек жылжымайтын мүлікке белгіленеді, жылжымалы мүліктің (автокөлік, ауылшаруашылығы техникасы, бағалы қағаздар, депозиттер, шаруашылық субъектілерінің жарғылық капиталындағы  үлестері, авторлық құқықтар)  бар/жоқтығы анықталмайды және оларға қорғаншылық белгіленбейді.

 Қабілетсіз жарымжан тұлғалармен  автокөлікті оқшаулау жөнінде мәміле жасау бойынша 10 дерек анықталды.

Уәкілетті органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан медкөмектің тиісті деңгейде көрсетілмеу деректеріне жол берілген, яғни 67 қайтыс болған азаматтың тек 6 -ы ғана (17%), скринингтен өткен, соңғы екі жылда   скринингпен осындай азаматтардың 15% қамтылған ( 258 азаматтан 55-і). 67 қабілетсіз жандар медициналық мекемелердің есебінде мүлдем тұрмайды және медициналық көмек алмайды.

         Прокурорлың қадағалау шараларымен 10 тұлғаның мүліктеріне қорғаншылық  белгіленді, жылжымалы мүліктеріне  (автокөлік) шектеу қойылды.

Сондай-ақ 35 қабілетсіз тұлға кепілдік берілген медициналық көмекті алуы үшін медициналық мекемелерге бекітілді, 20 қабілетсіз тұлғаға  жеке оңалту жоспары әзірленді, сондай-ақ бір қабілетсіз тұлғаға тиісті жәрдемақы  тағайындау арқылы мүгедектік санаты берілді.     

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.