You are here

«Азаматтардың мүдделері үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асыру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қылмыстық процесті оңтайландыру мен  оның тиімділігін, сондай-ақ   азаматтардың қорғалуын арттыру шараларын алуда.  

Процесті жеделдету шегінде  полиция мен прокуратурадағы бюрократтық процедуралар саны  қысқартылды. Құжаттарды орындау барысындағы қажетсіз келісімге келулер мен сырғытпа жолдаулар алынып тасталды.

Кезекші  прокурор полиция ғимаратында   істерді зерделеумен қатар, қағаз бастылыққа салынбай, жедел түрде, барлық күрделі мәселелерді шеше отырып,   азаматтарға қабылдау да жүргізеді.  

 Сонымен, біздің  бүгінгі айпағымыз   кезекші прокурордың жаңа мәртебесі туралы.  

Атқарған іс нәтижесі көрініп тұр.  Прокуратураға келіп түсетін полицияның  іс-әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар саны жартысынан артық көлемде қысқарды (өткен жылғы 177  орнына105).

Азаматтардың қорғалуын арттыру мақсатында,  полиция бөлімінде  бейнекамералармен жарақтандырылған  мөлдір  түсті жауап алу кабинеттері жабдықталған.  

Прокурормен заңдылықты тексеру және айыпталушыны сотқа беру  уақыты айтарлықтай азайды.

Істер прокуратураға жолданбайды. Оларды тікелей  ІІБ ғимаратында,  кезекші прокурор кабинетінде орналасқан   прокурордың көмекшісі зерделейді. Сотқа да сонымен жолданады.

Аса ауыр және ауыр санаттағы барлық қылмыстық істер бойынша процессуалдық прокурорларды бекіту қамтамасыз етілді.   

Нәтижесінде тек  сәуір, мамыр айларының өзінде ғана 35 қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен  сотқа жолданды.

1 маусымнан бастап облыстың барлық полиция бөлімдерінде  қылмыстық процесті оңтайландыру жобасы іске қосылды.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында,  Зауыт полиция бөлімінде облыс прокуроры Н.М.Әбдіровпен күрделі мәселелер бойынша азаматтарға жеке  қабылдау жүргізілді.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.