You are here

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасымен уәкілетті мемлекеттік органдарды (табиғи монополияларды реттеу, мемлекеттік кірістер, өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жөніндегі) тарту арқылы, облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының (бұдан әрі  - Басқарма), газ желісі мекемелерінің және ішкі қолдану үшін арналған сұйытылған мұнай газының (бұдан әріәлеуметтік газ) бөлшек сауда субъектілері (бұдан әрі  - АГЗС)  қызметіндегі заңдылық жағдайына кешенді тексеру жүргізілуде.

Тексеру жүргізуге әлеуметтік газ айналымы саласындағы заңдылық жағдайына бұрын жүргізілген талдау қорытындылары, сондай-ақ оның кезеңді тапшылығы мен жоғары бағасы фактілері негіз болды.

         Тексерудің аралық нәтижелері газ тапшылығына әкеп соққан бірқатар себептерді, соның ішінде Басқарманың жекелеген лауазымды тұлғалары  әлеуметтік газдың көлемін бөлуге заңсыз араласуын, оның республика және облыс аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарылуын көрсетіп отыр.

         Атап айтқанда, Басқарманың лауазымды тұлғалары, өкілеттіктері болмаса да, айналымның барлық сатыларында (жеткізуші  - газ желісі мекемесі – бөлшек сауда субъектісі) әлеуметтік газдың көлемін бөлу процесіне негізсіз араласқан.  Бұл ретте, жекелеген жағдайларда газ жұмыс істемейтін АГЗС-ға да берілген. Бұл газдың облыс аумағынан және елімізден тыс жерлерге шығарылуының дәлелді жағдайлары анықталды.

Прокурорлық тексеру материалдары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Басқарманың лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабымен көзделген қылмыс белгілері бойынша (Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады және жүргізуде.

Алдын ала нәтижелер әлеуметтік газдың көтерме саудасымен айналысушылардың (облыста 4 газ желісі мекемелері бар:  «АС Газ Логи­стик» ЖШС, «Центргаз» ЖШС, «Кепіл- Сапа-А/КС-А» ЖШС және «Gold Steps» ЖШС) қызметінде де бұзушылықтар болуын растайды.

Атап айтқанда, олармен әлеуметтік газдың жұмсалуын бақылау - өлшеу құралдарымен есепке алуды тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді, газ толтыру станцияларын айналып өтіп, газды бөлшек сатушыларға сатудың көптеген  жағдайлары бар, газды өзара көтерме сату фактілері анықталды, бұған «Газ және газбен қамту туралы» Заңмен тыйым салынған.

Облыс аумағында «Центргаз» ЖШС және «Кепіл-Сапа-А/КС-А» ЖШС-нің газбен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдары (газ толтыру станциялары) мүлдем жоқ.

Қалған 2 мекеменің («АС Газ Логи­стик» ЖШС және «Gold Steps» ЖШС) өндірістік объектілері өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді.

Жекелеген АЗГС–н тексерумен әлеуметтік газды заңсыз сату мен оны еліміздің аумағынан тыс және көршілес өңірлерге шығару деректері анықталды.

Қылмыстық кодекстің 197 (Мұнай өнімдерін, олардың шығу заңдылығын  растайтын құжатсыз тасымалдау, сату және сатып алу) және 214-баптарымен   (Заңсыз кәсіпкерлік) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тексеру материалдары қылмыстық қудалау органдарына жолданды.  Олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Әлеуметтік газ айналымы кезіндегі заңдылық жағдайына кешенді тексерулер жалғасуда, олардың нәтижелері бойынша соның ішінде бағаның құрылу негізділігіне баға беру, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Түпкілікті қорытындылар мен қабылданған шешімдер қосымша хабарланады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.