You are here

Баспасөз парағы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Баспасөз парағы  - 1664676969

28.04.2017 жылы Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіровпен, облыс прокуратурасының бастамасымен осы жылдың наурыз айында ашылған  «Сынау Үйін» аралап көру барысында, облыстық ҚАЖД сыналушылар тізіміне алынғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек беруді жүзеге асырушы   барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысы зерделенді, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жеке қабылдау жүргізілді.  

«Сынау Үйі» іске қосылған уақыттан бергі бір ай мерзім ішінде 22 тұлға жұмысқа орналастырылды, 9 тұлға қайтара кәсіби даярлықтан  өткізіліп, 4 тұлғаға құжат алуға, 51 тұлғаға медициналық  көмек көрсетілді.

Екі ай мерзім ішінде күн сайын Ақтөбе қ. сынау қызметінің есебінде тұратын тұлғаларға  жеке қабылдау  жүргізуді жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл шара облыс орталығындағы барлық есепте тұратындарды әлеуметтік-құқықтық  көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас жұмыстар  облыс аудандарында да өткізілуде. 

Бұған қоса,  облыс прокуроры Н.М.Әбдіров КА-168/2 түзеу мекемесінде де болып қайтты.

Іссапар барысында сотталғандарға жеке қабылдау жүргізілді, сотталғандарды тәрбиелеу ісі мен оларды  мекемеде ұстау стандарттарының сақталуы  зерделенді. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.