Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

            Ақтөбе облысының прокуратурасымен әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқықтарын сақталуы талданып, оның нәтижесі бойынша елеулі заң бұзушылықтар мен жүйелі проблемалар анықталды.

            Мемлекет сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық белгiлеу арқылы қамқорлық жасайды («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 119, 121 баптары).

            Қорғаншыны әкімдік бір ай мерзімде тағайындайды. Алайда, талдау 37 әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылар мүлдем белгіленбегенін немесе көзделген мерзімдерді едәуір бұзумен белгіленгендігін көрсетті.

            Мысалы, Шалқар ауданындағы 35 жасар 2-ші топтағы мүгедек әрекетке қабілетсіз деп өткен жылдың тамызында танылған, алайда әлі күнге дейін оған қорғаншы тағайындалмаған. Қазір ол туысқындарымен бірге Тараз қаласында тұрады.

            Тағы бір мысал, Ақтөбе қаласының тұрғыны сотпен әрекетке қабілетсіз деп 2008 жылдың қаңтарында танылған болатын, ал оған қорғаншы тек 8 жыл өткен соң ғана 2016 жылдың шілдесінде белгіленді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғаншылық әрекетке қабілетсіз тұлғалардың мүлкіне де белгіленуге жатады.

            Алайда, 21 әрекетке қабілетсіз азаматтарға мұндай қорғаншылық мүлдем тағайындалмаған.

            Бұл ретте, барлық жағдайларда қорғаншылық тек қана жылжымайтын мүлікке тағайындалған, жылжымалы мүліктің (автокөлік, ауыл шаруашылық техника, құнды қағаздар, депозиттер, шаруашылық субъектілердегі үлестері,  зияткерлік құқықтары) бар болуы қорғаншылық пен қамқоршылық органның назарынан тыс қалды.

            Бұл жағдай мұндай мүлікпен әрекетке қабілетсіз тұлғалардың өздерімен мәмілелерді жасауға әкеп соқты, бүгіндікке бізбен өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмайтын тұлғалармен жасалған автокөлік құралдарын сатып алу – сату туралы  10 шарт анықталды.

            Аталған азаматтарға медициналық көмекті тиісті түрде көрсетпеу фактілері анықталды.

Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған қайтыс болған 67 тұлғалардан, медициналық тексерілуден тек 6 ғана өткен.

Соңғы екі жылда осы азаматтардан медициналық скринингпен 15% қамтылған (258 ден 55-і).

            67 әрекетке қабілетсіздер медициналық ұйымдардың есептерінде мүлдем жоқ және оларға медициналық көмек көрсетілмейді.

            Психоневрологиялық диспансерде жатқан тұлғалармен де проблемалар бар.

            Мысалы, диспансердің балалар бөлімшесінде бос орындардың бар болуына қарамастан, 5 жасы кәмелетке толмағандар ересек пациенттерге арналған бөлімшеге жатқызылған. Оларға медициналық көмек квалификациясыз медперсоналмен көрсетілген. Прокуратураның актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды, 3 тұлға жауапкершілікке тартылды.

            Бұдан басқа, талдаумен мүгедектікті белгілеуді қажет ететін 8 әрекетке қабілетсіз тұлғалар, 13 – сотпен әрекетке қабілетсіз деп тануды, 6 – әлеуметтік жәрдемақыны, 26 – мүгедектікке байланысты зейнетақыны тағайындауды қажет ететіндер анықталды.

            Барлық заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, сондай-ақ Бас прокуратураға қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жолданды.

            Бұл бағытта жұмыс облыс прокуратурасымен жалғасуда және бақылауға алынды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.