You are here

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ бизнесті қорғау шаралары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ  бизнесті қорғау шаралары туралы  - 1991624386

Кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасау – еліміздің табысты дамуы үшін қажетті басты шарттардың бірі болып табылады. 

Соңғы жылдары үлкен жұмыстар атқарылды, оның мақсаты – бизнестің кең тыныс алуын қамтамасыз ету. Әкімшілік кедергілер жойылып, мемлекеттік қызмет көрсетулер аясы оңайлатылып, тексерулер жүргізу негіздері қысқартылып, артық талаптар алынып тасталуда.  

Атқарылған істер көп, алайда, онымен шектелуге болмайды.

Ақтөбе облысының әкімдігімен жаңа тәсіл қолдануды шештік –  ол кәсіпкерлердің күрделі мәселелерін жекелеген аудандар бойынша зерделеу және шешу.

Сәуірде Кәсіпкерлер палатасында өткізілген Ақтөбе облысы прокуратурасының көшпелі алқа мәжілісінде осы тәжірибені Хромтау ауданында сынақтан өткізілуі шешілді.

Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокурорлар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкерлері, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Аудан әкімдікке, мемлекеттік кірістер, СЭС, Төтенше жағдайлар басқармаларына тексерулер жүргізілді.

Бизнесті дамыту саласында келесідей заңбұзушылықтар мен күрделі проблемалар анықталды.   

1. Хромтау қаласының Бас жоспары екі рет өзгертілді (2014 жылдың желтоқсан айында бекітілді, 2016 жылдың тамыз айында және 2017 жылдың наурыз айында өзгертілді). Одан бизнес насындарын орналастыруға арналған 30 жер учаскесі Кәсіпкерлер палатасымен   келісімінсіз, шығарылып тасталған.

7 кәсіпкерге өз жер учаскелерін қайтаруға тура келді, ал олардың біреуіне су айдау станциясы салынып қойылған, ал 6-ында әкімшілік ғимаратының құрылысын салу жоспарлануда. 

Алайда, әкімдікпен тектес учаскелерді беру туралы шарт тек бір ғана жағдайда орындалған.  

2. Жер кодексі бойынша (48 бап) жер мемлекеттік меншіктен аукцион негізінде берілуі тиіс.

Хромтау қаласы әкімдігімен бұл норма сақталмайды. 

Жер учаскелерін бөлу іріктеу арқылы жүргізіледі, біреулеріне  жер шектеусіз беріледі, ал басқаларына әртүрлі сылтаулармен беруден бас тартылады.  

3. 2014 жылдан бастап сауда орындары анықталмаған (бұрын іс-әрекет етуші әкімдік қаулысының заңды күші прокурор наразылығы бойынша жоойылған, себебі қаулы кәсіпкерлер Палатасының келісімінсіз қабылданған).

 

Бұған қарамастан, 2016-2017 жылдары Хромтау аудандық ішкі істер органдарымен жергілікті атқару органдары белгілегеннен тыс орындарында сауда жасағаны үшін (ӘҚБтК 204 бабы) 44 кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған.

Барлық заңсыз шешімдердің күші жойылды.

4. Ақтөбе облысы ауылшаруашылық қаржылық қолдау көрсету қоры кәсіпкерлерге, олардың сенімділігі мен төлем қабілеттілігін растау туралы аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша, несие береді. Бұл заңнамамен қарастырылмаған.

         5. Хромтау қаласының әкімдігі сыртқы жарнаманы орналастыру үшін негізсіз жоғары төлем мөлшерін белгілеген. Кәсіпкерлерден 350 мың теңге артық өндірілген. 

Мысалы, «Донская нефтебаза» АҚ сыртқы жарнама орналастырғаны үшін, тиісті 4 мың теңге орнына 38 мың теңге төлеген, яғни төлем мөлшері 9,5 есе арттырылған.

6. Хромтау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі :

- 2016-2017 жылдар ішінде 121 сәулет-жоспарлау ғимараттарын монополистердің инженерлік желілеріне қосылуға техникалық шартсыз берген, бұндай техникалық шарттарды бизнесмендер өз алып келген. 

Бұндай іс-әрекеттерге баруға мемлекеттік қызмет көрсетулер регламентінде техникалық шарттар жасау (беру) бойынша іс-әрекеттердің болмауы мүмкіндік берген;

- жер учаскелерін беру туралы өтініштерді қарау кезінде жекелеген тұлғаларға басымдық беріледі. Мысалы, ғимаратқа қызмет көрсету үшін Шайжановқа жер беру келісілген, ал осыған ұқсас өтінішпен жүгінген Урынбаевқа бас тартылған;  

- тізбеге қосылмаған мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі (тұрғын жай объектілерін кәсіпкерлік объектілер мәртебесіне өзгертуге келісім, 2016-2017 жылдары осындай 18 өтініш қаралған).

         7. Аудандық ХҚКО ғимараттарды қайта жаңғыртуға шешім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық қажетсіз құжаттарды талап етеді  (меншік иесі туралы мәлімет, мұрагерлікке құқық туралы куәлік  және т.б.). Қадағалау актісі бойынша, ХҚКО басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 

8. 2015 жылдан бастап «САК групп» ЖШС Бөгетсай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізгені үшін, аудандық білім беру мекемесінен өздеріне тиесілі жалпы солмасы 11 млн.теңге ақша қаражатын ала алмай келеді.

9. Аудандық мал дәрігерлік бөлімі 2017 жылы тексеру  нәтижелері туралы актіні табыстамай, 21 кәсіпкердің қызметіне тексеру жүргізген, «Бекарыс» ШҚ мен «Нурбол» ШҚ 10 бас ІҚМ өнімдерін сатуға, аудан прокуратурасына мәлімдеусіз,  тыйым салған.

10. Тек ведомствоаралық жұмыс тобының араласуынан кейін ғана мемкірістер Басқармасы ЖК Бижановтың, оның алкогольдік өнімдерді сатуға берген өтініші бойынша лицензияны тоқтатқан (бұған дейін бірнеше рет ауызша түрде бас тартылған).

Хромтау ауданы кәсіпкерлерінің осы және өзге де мәселелері Ақтөбе облысы прокурорының төрағалық етуімен, облыс Әкімі орынбасарының, кәсіпкерлер Палатасы, кәсіпкерлік Басқармасының және де басқа мүдделі органдардың басшыларынң қатысуымен болған көшпелі кеңесте талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды, сондай-ақ олады тудырушы себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған келісілген шешімдер қабылданды.

Мысалы, елді мекен аумағында бизнес үшін жер учаскелерін беру, жер учаскелерін пайдалану мақсатын Жер кодексінің және мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнамалардың  нормаларына сәйкес өзгерту бойынша бірыңғай тәжірибе енгізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, аудандардың әкімдіктерімен коммуналдық қалдықтарды түзілуі мен жинақталу нормалары туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және оларды бекіту үшін   аудандық мәслихаттарға ұсынуды қамтамамыз ету жөнінде шешім қабылданды.

Кеңеске қатысушылар Ақтөбе облысы әкімдігінің 17.07.2015 жылғы №268 қаулысымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау ғимаратын беру»  регламентіне,  Ұлттық экономика Министрінің 27.03.2015 жылғы №257 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсетулер Стандартына»  сәйкес қызмет көрсетушінің техшарттарға сұранысы мен ұсынуы туралы іс-әрекеттерін қосу арқылы толықтыру енгізу қажет деген пікірге тоқталды.

Аудан әкімдігіне Хромтау қаласының Бас жоспарына енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлер Палатасының қорытындысын алу,  бизнес субъектілеріне су айдау станция салынған және әкімшілік ғимаратының құрылысын жүргізу жоспарланған жер учаскесінің орнына соған ұқсас жер учаскелерін беру туралы мәселені қарау тапсырылды.  

Бұған қоса, осыған ұқсас заң бұзушылықтардың басқа да аудандарда болуы мүмкіндігін ескеріп, Ақтөбе облысының барлық қалған өңірлері бойынша да осыған ұқсас талдау жүргізу қажет деп шешілді.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.