You are here

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасы, 030000, Ақтөбе қаласы, Ө. Сеитов к.6, анықтама үшін телефоны:  факс 8(7132) 90-14-58,  e-mail: 7132381@prokuror.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1.  Ақтөбе облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің жүктілігі мен босануы және бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

 Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік  сатып  алу бойынша  жылдық  жоспар құрады, оған  тиісті  өзгерістер  енгізуді жүзеге асырады; мемлекеттік  сатып  алуды ұйымдастырады және өткізеді; әлеуетті өнім берушілермен тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерін мемлекеттік  сатып алу туралы келісім-шарт жасау бойынша жұмыстарды өткізеді, мемлекеттік  сатып  алу туралы келісім-шарттардың  орындалуын  бақылауды жүзеге асырады, төлем құжаттарын ресімдейді; мемлекеттік  сатып  алулар  туралы есеп берулерді  және  өзге де  есеп  беру түрлерін  қалыптастырады және  ұсынады; бастапқы құжаттардың, есепке алу  тіркелімінің, бухгалтерлік есеп берулердің, сондай-ақ есепке алуды  бағдарламалық қамтамасыз  етудің сақталуын жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алулар Веб-порталында  мемлекеттік сатып алулар жоспарларын, хабарландыруларды жариялау, барлық тәсілдермен  сатып алулар жүргізу,  қорытындылау, мемлекеттік сатып алу  туралы келісімшарттарды қалыптастыру т.с.с.  жұмыстарды  жүзеге  асырады; мердігерлік мекемелермен қондырғыларды жөндеу бойынша келісімшарттар жасау үшін қажетті материалдарды әзірлейді; қосыша қаржыландыруға және матеиалдық-шаруашылық құндылықтарды бөлуге тапсырыстар ресімдейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім заңгерлік, экономикалық (қаржы). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Тесттен өту бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу және өзге де аталған санаттағы лауазымды атқару бойынша атқарымдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімі болуы шарт. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасау икем-дағдылары болуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

 Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Ақтөбе облысының прокуратурасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.  

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.