You are here

Ерекше балалар Ақтөбе облысы прокуратурасының музейіне келді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ерекше балалар Ақтөбе облысы прокуратурасының музейіне келді   - 1430833949

Прокурорлық қадағалаудың «Прокуратура туралы» жаңа Заң шеңберіндегі басымдылығы – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.

Егер, бұрын Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедек-балалар үшін кең ауқымды «Қолжетімді Ақтөбе» науқанын ( облыс орталығында және облыстың барлық  12 ауданында),  өткізсе, науқаннан кейін, «Игілікті іс істейміз» («Делаем добрые дела») жобасының шегінде «3D Форматында» зияткерлік конкурсы (интеллектуалдық) өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – ерекше балалардың азаматтық қоғамда өздерін шектеп, еркін сезінбеу, ұялып жасқаншақтау  сезімдерін жою болып табылды.  

Конкурс үш кезеңнен құралды, оның біріншісі – интернеттің  пайдалы және  кері әсері туралы айту болды. 

Конкурстың мақсаты – интернет кеңістігіне  мүмкіндігі шектеулі балалардың көзімен қарап, түсіну.

Екінші кезеңде командалар тапсырмалар орындады, ал үшінші кезеңде –  бейнелеу (сурет салу) өнерімен сынға түсті. 

Конкурс жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша прокурорлармен облыс прокуратурасы ғимаратының ішінде саяхат ұйымдастырылды, оның барысында  еркше балаларға жұмыс үстеліне отырып, өзін прокурор  ретінде сынап көру ұсынылды, прокуратураның тарихи музейінде прокуратура органдарының тарихы туралы  әңгімелеп, таныстырды.  

 Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.