You are here

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету»  жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша - 1296858355

Еліміздің Бас Прокуроры Ж.Қ.Асановтың бастамасын жалғастыра отырып, облыс Әкімінің қолдауымен қазан айының 9-жұлдызынан бастап 6-қарашаға дейін Ақтөбе облысының 8 ауданында жергілікті күштермен «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылды.

Облыстық прокуратура және әкімдіктің үйлестірумен, жергілікті құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және атқару органдарының басшылығымен 6 бағыт бойынша 250-ден астам қызметкерлер мен сарапшылар жұмыс атқарды. 53 ауылға және 4 қалаға бардық. 13 мыңнан астам шақырым жер жүрдік.  

Шамамен 2 мың іс шаралармен 80 мыңнан астам адамды қамтыдық. 1,8 мың адам нақты көмек алды.

I. Діни мәселелер және ауқымды түсіндіру жұмыстары.

Еліміздің танымал 9 теолог мамандарын шақырдық. Деструктивтік діни ағымдардың идеологиясын ұстанатын бірқатар тұлғалар өзгеруге бейімділігін танытты.

1 үлгілі аудандық мешіт анықталды. Хромтау ауданында орналасқан мешітті жөндеуге 7,5 млн. теңге көзделді. 2 ауылдық мешітке тәжірибелі имамдар тағайындалды. 2 ауылдық мешіттің имамының жалақылары көтерілді.

Тігін цехын ашуға көмек берілді, онда 14 діндәр әйел жұмыспен қамтылды.

 ІІ. Бизнесті дамыту.

94 ауыл әкімдерін тұрғындар арасында өз ісіне қызығушылықты қалай тудыру қажет екеніне үйреттік, нақты бизнес идеялармен қамтамасыз еттік. 3 «үлгілі» ауыл әкімдерін анықтадық.

727 адам бизнес саласындағы 4 түрлі мастер-класстардан өтті. Олардың кейбіреулері өз істерін ашты.

Мәселен, Хромтау қаласының тұрғыны «Кіші бизнестің әсемдік индустриясындағы мүмкіндіктері» мастер-класынан дәріс алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тұрғындарға визаж қызметін көрсетуде.

Нақты бизнес-жоспарлар  қаржыландырылды. Даму институттары 184,9 млн. тенге бөлді. Қосымша 179,2 млн. теңгеге жобалар мақұлданды. 113 адам «Бизнес бастау» курстарына орналастырлды, «Бизнес кеңесшісі» курстарында оқытып, 63 ауыл тұрғындарына сертификаттар берілді.

Ащы селолық округі Ноғайты ауылындағы Байғанин техникалық колледжі негізінде 15 ауыл тұрғындарына  «аспазшы», «тігінші» және «шаштараз» мамандықтары бойынша 2 айлық курстар ашылды.

ІІІ. Әлеуметтік қолдау.

202 тұлғаны жұмыспен қамтыдық. 37 балаға жәрдемақылар тағайындалды. Облысымыздың үздік дәрігерлері ауылдарда 600-ден астам науқасты емдеді. Ақтөбе клиникаларына 81 ауыл тұрғындарын жолдады. 150-ден аса мектеп оқушылары сауықтыруға алынды.

Облысымыздың тәжірибелі хирургтары аудандарда 43 ота жасады.

Мысалы, Мәртөк ауданының 5 тұрғындарына аудандық ауруханада медициналық ғылымдар кандидаты, жоғары дәрежелі хирург, аумақтық медициналық кластердің оталық блогының меңгерушісі А. Елемесовпен әдетте практикада облыстық клиникалардың базасында өткізілетін оталар жасалды.     

 «СтомКар» тіс дәрігерлік көлігінде 815 ауыл тұрғындары, сооның ішінде 790 баланың тісі тегін емделді.

17 мүгедекке көмекші құрылғылар берілді, 153 мүгедекке негізсіз төленген 230,0 мың теңге көлемінде салық сомасы кері қайтарылды.

«Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясымен 180 ауыл тұрғындары және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді.

ІV.  Ақпараттық жұмыс.

3 мыңнан астам ауыл тұрғындарына ел Президентінің жолдауы, Ұлт жоспары  және  басқа да бағдарламалық құжаттар мазмұны жеткізілді. БАҚ, соның ішінде республикалық БАҚ құралдарында жергілікті десанттың жұмысы туралы 636 материал жарық көрді.

Жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде экстремизмге қарсы мазмұндағы 106 ролик таратылды. Интернетте 367 террористік мазмұндағы материалдар анықталып, оның 289 бүгінгі күні жабылды.

V. Құқық қорғау шаралары және террорлық актілері қауіпіне дайындық.

         2,2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерді, 8 мыңға жуық оқушылар мен оқытушылар террорлық акті қауіпі туындаған кездегі тәртіпке оқытылды, 18 мыңнан аса буклеттер таратылды.

         Терроризм тұрғысынан осал 109 объекті зерттелді, аудан көлемінде террористік тұрғыдан осал объектілер тізілімінен шығарылуға жататын 6 объекті және аталған тізілімге енгізілуге жататын 16 объекті анықталды.

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 26 тұлға, «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 40 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Түрлі объектілерде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар муляждарын қою жөнінде шұғыл эксперименттер жүргізілді. Жалпы, ұйым жұмысшылары мен полиция қызметкерлері өздерінің әзірлігін көрсетті. Аудандық жедел штабтардың террорлық қауіпке дайындығын жоғарлату бойынша басқа да шаралар жүргізілді.

VІ. Экстермизм мен терроризмді қаржыландырудың жолын кесу.

Тіркеуге алынбаған 32 кәсіпкерді есепке қойдық (такси қызметі 16, ұялы телефондарды сату 5, үйді жалға беру 11). Бірқатар жедел іс-шараларды жүзеге асырдық.

 

Топтардың күнделікті атқарған жұмыстарын облыстық прокуратурада штабтың отырысында талқыладық. Келесі күндерге мақсаттарды айқындап отырдық.

 Ауыл тұрғындары облыс орталығының шенеуніктері мен сарапшыларының жұмыстарын оң бағалады. Нақты көмек ала отырып, шынайы алғыстарын білдірді.

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыстар Ақтөбе облысында алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету»  жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша - 1808252738

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.