You are here

ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары ұсталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуратурасымен Ұлттық қауіпсіздік  Комитеті Департаментімен  бірлесе отырып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде.  

            Тергеп-тексеру шегінде, Ақтөбе облысының  ІІД ҰҚКБ қызметкерлері  айналымдағы шектеулі балық өнімдерін сатуды жүзеге асырушы тұлғаларды анықтап, оларды қылмыстық жауаптылыққа тартпау үшін, ақша қаражатын бопсалағаны, ал алынған өнімдердің  басқа тұлғаларға сатылғаны анықталды. 

26 сәуір 2017 жылы сатуды іске асырудан түскен  жалпы сомасы 70 000 теңге қаражатты  алғаннан кейін, облыстық ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары А.А.Давлетов (А.А.Дәулетов) арнайы прокурорлар Басқармасымен  Ақтөбе облысының ҰҚКД  бірлесе отырып, ұсталды.  

Сол күні Дәулетов А.ҚК 362б. 4б.3т. бойынша күдікті ретінде танылды және уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда, А.Дәулетовке қатысты материалдар қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын  санкциялау туралы мәселені шешу үшін сотқа жолданды.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.