You are here

Қазақ АКСР прокурорына мемориалдық тақтайшаның ашылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл және Прокуратура органдарының құрылғанына – 25 жыл мерейлі мерекелерін тойлау қарсаңында, Алға ауданында белгілі мемлекеттік қайраткер, юстиция Халық комиссары, Қазақ АКСР-нің Прокуроры, Жоғарғы сотының төрағасы – Мырғазұл Атаниязовқа арналған мемориалдық тақтайшаның ашылу салтанаты өтті.

Сонымен қатар, прокуратура органдарының ардагерлері, жергілікті және мемлекеттік органдарының өкілдері, мұғалімдер, ауданның студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен М.Атаниязовтың өмірі мен оның атқарған қызметтерін еске алуға арналған  конференция өткізілді.

Мырғазұл Атаниязов 1899 жылдың 23 желтоқсанында Ақтөбе губерниясы, Мұғаджар уезді, Ключевой ауданы, Елек ауылында (қазіргі таңда - Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылының қасында орналасқан) туылды.

23 жасында М.Атаниязов - юстиция Халық комиссары және Қазақ автономиялық Республикасының Прокуроры болып тағайындалды.

1925-1927 ж.ж. – РСФСР прокурорының көмекшісі, РСФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімінің Төрағасы.

1933 жылы  Прокуратура дербес орган болып құрылды және Республика прокуроры болып Мырзағұл Атаниязов тағайындалады, бір мезгілде юстиция Халық комиссарының бірінші орынбасарының қызметін қоса атқарады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.