You are here

Қоғамдық көмекшілермен кездесу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіров Мұғалжар ауданына  іссапары барысында бірнеше ауданның облыс прокурорының Қоғамдық көмекшілерімен кездесу  өткізді.

Облыс прокурорының Қоғамдық көмекшілерінің  Институты өңірдегі өз жұмысына өткен жылдың сонынан  бастап кірісті және ол, облыс прокурорына тікелей өтінішпен жүгіну арқылы туындаған мәселелерге жедел ықпал ету мүмкіндігі үшін, тұрғындармен өзара іс-қимыл деңгейін одан әрі арттыруға  бағытталған.

Бұған қоса, Қоғамдық көмекшілерге аудан тұрғындарына прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері туралы  түсіндіру, шалғай ауылдардың тұрғындарымен  бас қосулар өткізу жүктелген.

Көмекшілердің атқаратын  қызметі қоғамдық бастамаларға негізделген және сыйақы беру қарастырылмаған.

Бүгінгі күні Қоғамдық көмекшілер белсенді  өмірлік ұстанымы бар  беделді азаматтар қатарынан облыстың әр ауданында анықталды.

Жыл басынан бастап прокуратура органдарымен Қоғамдық көмекшілер арқылы ұсынылған  азаматтардың бірнеше өтініштері қарау үшін кабылданды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

       

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.