You are here

Колониядағы азаптау дерегі тергеп-тексерілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 2017 жылдың наурыз айында  Ақтөбе облысының прокуратурасына КА-168/3мекемесінде жазасын өтеуші сотталған тұлға аталған мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты шағымданды. 

Арыз-шағымды қарау барасында талапкердің  дәлелдемелері  расталды, арнайы прокурорлар Басқармасымен сотқа дейінгі өндіріс  басталды.

Тергеп-тексеру барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің УКА-168/3  бақылау қызметі  бөлімінің  бастығы міндетін атқарушы мекеменің жедел уәкілімен  және аға бақылаушымен бірге сотталған Н. –ды тәртіптік изоляторға заңсыз орналастырған, оның ішінде  оған арнаулы құрал –кіскен қолдану арқылы, күш көрсеткен.

 Тергеп-тексеру барысында мекеме қызметкерлерінің  іс-әрекеттері ҚР ҚК –нің 146б. 2б. –азаптау бойынша сараланды.

Тергеу шегінде күдіктілердің біреуі өз кінәсін мойнына алды.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.