You are here

Кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде облыс прокуратурасы Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, нақты кәсіпкерлердің мәселелерін талқылады.

Хромтау ауданы әкімдігінің жеке кәсіпкер Е. Жолмуханбетовке бизнесін дамыту үшін жер учаскесін беруден бас тартуының негізділігі зерделеніп, тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. 

Жеке кәсіпкер Г.М. Хамидулин Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының әрекетімен және алкоголдік өнімдерді сату үшін лицензиялық алымдарды өндіру туралы сот актісімен келіспеуін білдірді. 

Кәсіпкердің келіспей отырған сот актісін қазір прокуратура зерделеп жатыр.

Монополияға қарсы орган жеке кәсіпкер С.М. Казиннің жылу энергиясына дифференциялық тарифтің негізділігі туралы қосымша уәждерін қарауына алды.

Облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасының нақты мәселелерді зерделеу және шешу бойынша бірлескен жұмысы тұрақты түрде жалғасуда.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды - 1191374412

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.