You are here

Құқықтық қызмет Орталығын ашу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқықтық қызмет Орталығын ашу туралы  - 1123164054

Азаматтардың мемлекеттік билік органдарына сенімділік деңгейін арттыруды, азаматтардың өтініштермен жүгіну құқықтарын іске асыруды, «бір терезе» қағидасымен азаматтардың сапалы құқықтық қызметке қолжетімділіктерін  қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді жою   мақсатында, Ақтөбе облысында  құқықтық қызмет Орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өкілі С.Б.Сағатбектің, облыс прокуроры Н.М.Әбдіровтың, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің,  құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың  басшыларының   қатысуымен өткізілді.   

Орталықта мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен  әрекетсіздіктеріне қатысты арыз-шағымдар мәселесі бойынша  құқық қорғау  және атқару  органдарымен  көрсетілетін барлық құқықтық қызмет түрлері  ұсынылады.

Өтініштердің түр-сипатына байланысты, өтініштер  прокуратураның, ішкі істер,  әділет  органдарының, адвокатура, облыс әкімдігі қызметкерлерімен, сондай-ақ медиаторлармен қаралады.   

Сондай-ақ Орталықта Е-Gov «Азаматтар үшін Үкімет» жүйесіндегі сот кабинеті арқылы сот органдарына өтініштермен жүгіну және  басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкіндігі бар белдеу белгіленген. 

Жоба ынтымақтастық  Меморандумы негізінде іске асырылды, ол бойынша әрбір мемлекеттік  және басқа органмен Орталықта жұмыс жасау үшін қызметкерлер бөлінді, көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.  

Орталық Ақтөбе қ. прокуратурасының жеке қанатында орналасқан. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.