You are here

Қылмыстық заңды ізгілендіру туралы Заңды жүзеге асыру ерекше бақылауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, 247 қылмыстық  құқық бұзушылықтар бойынша (141-онша ауыр емес, 106-ауырлығы орташа) санкциялары өзгертіліп, қоғамдық жұмыстар түрінде жазаның жаңа түрі енгізілді.

Қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесіне ауысатын қоғамға қауіптілігі жоқ сотталғандар үшін жазаны өтеу жағдайлары жеңілдетілді.

Жалпы, енгізілген түзетулерге сәйкес, жазасын жеңілдету құқығы коммерциялық және басқа да ұйымдарда, мемлекеттік қызмет пен басқару, экономика, медицина, экология, ақпарат және байланыс, сондай-ақ мемлекетке келтірілген зиянды толықтай өтеген жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмыстары саласында қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғаларға тиесілі.

Алдын-ала мәліметтерге сәйкес Ақтөбе облысы бойынша осы Заңның  қолданыс аясына жазаны өтеп жатқан сотталғандардың жалпы санынан 101-і  (жалпы саны - 1415) және  пробация қызметінің есебінде тұрған 1877 адамның 264-і түседі.

Бүгінгі таңда сотқа жазасын жеңілдету туралы 150-ден астам  сотталғандардың өтінішхаттары түскен.

Пробация қызметіне түсетін жүктемені және Заңды қолдану тәжірибесіндегі туындауы мүмкін өзекті сұрақтарын болжамдап отырып, Ақтөбе облысы прокуратурасымен қалалық және аудандық деңгейлерде а.ж. шілде - тамыз барысында уәкілетті органдардың қатысуымен 12 дөңгелек столдар өткізіліп, түсіндірмелік жұмыстар жасалды.

Осымен бір уақытта, түзеу мекемелерінде түсіндірмелік жұмыстар өткізіліп, нәтижесінде соттталғандардың өз құқықтарын іске асыру сұрағында құқықтық сауаты артты.

Қазіргі таңда, қала және аудан прокурорлары жергілікті атқарушы органдары мен пробация бөлімдерімен бірге сотталғандарға сәтті әлеуметтендіру мен қоғамға енуге ықпал жасап барынша көмектер беруге бағыт-бағдарланды.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.