You are here

Облыс прокуроры аудандарымен танысу іссапарларды бастады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры аудандарымен танысу іссапарларды бастады - 139486083

Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайбжанов облыс аудандарымен танысу іссапарын бастады.

Мәртөк ауданына іссапары шегінде облыс прокуроры аудан әкімімен, облыстық құқық қорғау және жергілікті атқару органдарының басшыларымен ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңесте  құқық бұзушылықтардың алдын алу, аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер қозғалды. 

Дәлірек айтқанда, аудан тұрғындары  участкелік полиция қызметкерлерінің  жетіспеушілігі мәселесіне, осының салдары аудандағы криминогендік жағдайға, тұрмыстық кісі өлтіру мен өзгенің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсуіне ықпал етіп   отырғандығына назар аударды.

Облыс прокуроры жергілікті полиция қызметінің бастығына қыркүйек айының соңына дейін  аудандық бөлімді кадрлармен қамтамасыз етуді, сондай -ақ алдын алу шараларының сапасын арттыруды  тапсырды.

Шаруашылық қожалықтарының келісімшарт жасаспайтын  жұмысшыларының еңбек құқықтарын  сақтау мәселесі талқыланды. 342 шаруа қожалығында тек қана 121 адам рәсімделген.   

          Облыстық еңбек инспекциясы басшысына аудан әкімдігімен бірлесіп, мәселенің мән-жайын қарау және бір ай мерзім ішінде тәртіпке келтіру тапсырылды.

Аудандық ішкі істер бөлімінде облыс прокуроры қылмыстық процесті оңтайландыру жобасын іске асыру, жауап алу үшін «мөлдір» кабинет құру барысын зерделеді. Бүгінгі таңда ауданда  қылмыстық істердің 75 %  сотқа 10 күн мерзім ішінде жолдануда.

Сонымен қатар полиция бөлімінің  ескі ғимараты «мөлдір» кабинет құруға мүмкіндік бермейді, осыған байланысты облыс прокурорының тапсырмасы бойынша жергілікті атқару органдарымен «көзден таса жасырын белдеулерді» жою принципін сақтай отырып, кабинеттерді бейнекамералармен, оларды кезекші прокурордың және ғимараттың фойесіне шығару арқылы, жабдықтауды қамтамасыз ету  үшін,  қаржы бөлінуде.

Іссапар  нәтижесі бойынша күрделі мәселелерді  шешу тәсілдері, мерзімдері мен жауапты тұлғалар қаарстырылған нақты іс-шаралар жоспары құрылды, орындалуы бақылауға алынды.

Бұған қоса, облыс прокурорымен облыс Әкіміне  ауданның негізгі мәселелері мен оларды бірлесіп шешу тәсілдері көрсетілген хат жолданды.

      

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.