You are here

Ойын бизнесін ұйымдастыру заңдылығын талдау нәтижелері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Заңдылықты, және құқықтық тәртіпті және қылмысқ қарсы іс-қимылды  қамтамасыз ету бойынша Ақтөбе облысының Үйлестіру Кеңесінің 14.02.2017ж. шешімімен  өңірдегі жүйелі күрделі мәселелерді анықтау және шешу бойынша ведомствоаралық жобалық  топ құрылды.

Облыстық ІІД бастамасымен аталған топпен Ақтөбе облысының аймағындағы ойын бизнесін ұйымдастыру заңдылығы жағдайына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесі облыстық салық органдарының есебінде ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын   42 ойын мекемесінің ( букмекерлік кеңселердің кассалары),   оның ішінде  Ақтөбе қ. – 37, Хромтау – 2,  Шалқар, Қандыағаш қалалары мен Мәртөк с. – 1-ден тіркеуде тұрғанын көрсетті.

Бұл ретте 2016 жылы аталған мекемелердің қызметінен бюджетке барлығы 39 млн. теңге салық төлемдері түсті.  

Сонымен бірге,  бекітілген аймақтарды аралап көру кезінде аталған салада 137 ойын мекемесі  өз қызметін жүзеге асырып жатқандығын көрсетті ( Ақтөбеде – 119, Хромтауда – 5, Шалқарда – 9, Қандыағашта -5, Темірде -3).

Сөйтіп, 100 жуық ойын мекемесі салық органдарында тиісті тіркелусіз, сондай-ақ лицензиясыз өз қызметін жүзеге асырып жатыр, бұның салдарынан осындай әділетсіз кәсіпкерлерден бюджетке салық төлемдері  түспейді. 

Осындай мекемелердің салық органдарында міндетті түрде тіркелуі туралы заң талаптарын бұзуы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463 бабымен  қарастырылған әкімшілік жауаптылыққа, ал қызметті лицензиясыз жүзеге асыру – Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 307 бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа  әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, ойын бизнесі туралы заңнама талаптарына  қайшы кәсіпкерлермен ойын мекемелері тұрғын үй-жай (үйлер, пәтерлер) ғимараттарына орналастырылған, ал ойын мекемелерінің өздері біліктілік талаптарына сәйкес келмейді (күзетке және т.с.с. сәйкес келетін міндетті  резервтің, бейнекамералардың болуы).

Букмекерлік кеңселерге қарақшылық шабуылдарының жасалуы  мәселесі бар. Біз алдын алу шараларын жүргізіп  жатқанмен, бұндай қылмыстардың жасалуы жалғасуда (2015ж - 13, 2016ж. – 7, 2017ж. - 1). Олардың кеңселердің персоналдарының өмірлері мен денсаулықтарына, бизнестің экономикалық мүддесіне  залал келтіру қауіпі бар, және өңірдегі құқықтық тәртіп жағдайына зиянды әсерін тигізеді. 

Осыған байланысты, біздің тапсырмамыз бойынша облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен букмекерлік кеңселердің тіркелмеген кассаларын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.  

Бүгінгі күннің өзінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде букмекерлік кеңселердің 9 кассасы мемлекеттік кірістер органдарының  есебіне  тіркеуге алынды, рейдтік тексерулермен іс жүзінде барлық кассалар қамтылды, нәтижелері бойынша салық заңнамаларын бұзғаны үшін, сотқа жолданған 2 әкімшілік хаттама толтырылды,  34 касса заңсыз қызметін өз еркімен тоқтатты.

Аталған жұмыс барлық құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік  органдарды тарту арқылы,  біздермен  жүйелі түрде одан әрі жалғастырылатын болады.

Бұған қоса, біздермен қаланың барлық букмекерлік кеңселерінің электрондық карталары әзірленді, онда олардың орналасқан мекен-жайы, аталған қызметпен айналысуға сәйкестік  лицензиясының бар/жоқтығы, уәкілетті органда тіркеуде болу/болмауы туралы мәліметтер көрсетілген.

Өзектілігін жеделдету және одан әрі жұмысты жалғастыру үшін, букмекерлік кеңселердің электрондық карталары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің http://akb.kgd.gov.kz/ru/content/karta-5 бөлім ресми "Департамент туралы"-"Азаматтарға"-"Карта"интернет-ресурсында орналастырылған. 

Белсенді азаматтық ұстанымдағы кез-келген азамат аталған сайтта кассалар туралы ақпараттарды, оның ішінде заңсызын да,  қарай алады және  уәкілетті органдарға хабарлай алады.

Осыған байланысты, азаматтардың аталған жұмысқа белсенді қатысуын және букмекерлік кеңселерді тұрғын үй-жайларда ашу және т.с.с. деректер бойынша келесідей телефон номерлері бойынша 102 (облыстық ІІД қызметі Жергілікті полиция қызметі), 56-41-60 (Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер Басқармасы), 21-08-89 (Ақтөбе олблысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің  экономикалық тергеп-тексеру қызметі) хабарласуын сұраймыз.

Бұған қоса, заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жұмысына біздермен «Қазақстан Республикасы букмекерлерінің өзін-өзі реттеу мекемесі» Ассоциациясы тартылды.

Облыс прокуратурасының қолдауымен облыстық МКД мен аталған Ассоциация арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік Меморандумына қол қою жоспарлануда.

Меморандумның шарттары бойынша Ассоциация біздерге заңсыз букмекерлік кеңселер туралы ақпараттарды ұсыну міндетін алады, өз мекемесінің барлық  мүшелерімен ойын бизнесі туралы заңнама талаптарының  сақталуын қамтамасыз ету шараларын алады. 

Бұдан басқа, біздермен ойын бизнесі туралы қолданыстағы  заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Букмекерлік кассаларға, букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптарға ұқсас,  біліктілік талаптарын белгілеуге қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады (міндетті резервтің болу, кассалардың жеке оқшау  тұрған тұрғын үй-жайға жатпайтын ғимараттарда орналасуы, бейнекамералардың болуы және т.сс.).

Ойын бизнесі саласында лицензия беруші ретінде, жергілікті орындарда аймақтық бақылау бөлімшелері жоқ ҚР спорт және мәдениет Министрлігінің спорт Комитеті  болып табылады.

Лицензиялау саласын бақылау қызметін атқаруды тиісті облыстық  бөлімшелерге беру туралы ұсыныс енгізу жоспарлануда. 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.