You are here

«Сенім бағыты» Мәртөк ауданында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Сенім бағыты»  Мәртөк ауданында  - 1389761147

Ағымдағы жылдың  21 маусымы күні Мәртөк селосында Ақтөбе облысының прокуроры Н.М.Әбдіровтың төрағалығымен «Сенім бағыты» жобасының    Мәртөк ауданында іске асырылуы қорытындыланған көшпелі ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Аталған жобаның мақсаты қылмыстық  процестегі жүйелі күрделі мәселелерді анықтау мен жою, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейін арттыру болып табылады.

Кеңеске облыстық ІІД бастығы Абисатов М.Х., облыстық ЖПҚ бастығының м.а. Жақсығалиев К.С., облыстық әділет Департаментінің басшысы Беркімбаев Б.С., Шекара қызметініің бастығы  Жұманов С.М., аудандық қызметтердің  басшылары мен аудандық құқық қорғау органдарының жеке құрамдары қатысты.

Облыс  прокуроры Әбдіров Н.М. атап көрсеткендей, құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың  алдын алу болып табылады.  Осы аталған міндеттерді тек сапалы және адал орындау ғана тұрғындардың  құқықтық тәртіп органдарына сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Пәтер тонау қылмыстарын ашу бойынша мәселе көтерілді, аудандық  ІІБ басшылығына  қысқа мерзім ішінде кінәлі тұлғаларды белгіленген жауаптылыққа тарту шараларын алу туралы тапсырма берілді.

Кеңес барысында селолық учаскелік полиция инспекторларын үй-жаймен, оргтехникамен және тұрғын-үймен  қамтамасыз ету мәселелері шешімін тапты. Мәртөк ауданының әкімі Қалауов Н. полиция қызметкерлеріне 6 портативті  ноутбук  тапсырып,  жақын күндерде  тұрғын-үй мәселесі де шешілетіндігіне сендірді.  

Жоба шегінде  ұйымдастырылған, аудан мектептерінң түлектері ЖОО мен колледждердің өкілдерімен кездесуге, оқу орындарына оқуға түсу шарттарымен және  тәртібімен танысуға   мүмкіндік алған  «Талапкер үстелі» жобасы оң нәтижелі іс ретінде  атап көрсетілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мәртөк ауданында  «Сенім бағыты» жобасын іске асыру барысында анықталған күрделі мәселелерді шешу бойынша жауапты мемлекеттік органның орындауына бағытталған  бірлескен Жоспар қабылданды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

             

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.