You are here

«Сенім бағыты» жобасы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Сенім бағыты»  жобасы  - 2038764589

Облыс прокуратурасымен, мақсаты –  құқық қорғау органдары, ұзақ уақыт қаралып жатқан өтініштерді зерделеу  саласындағы күрделі мәселелерді шешу арқылы тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімділігін  артттыру болып табылатын  «Сенім бағыты»  жобасы іске асырылуда.

Жобаны іске асыру мақсатында облыстық  құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесімен құрылған жұмыс тобы  Хромтау ауданында болып қайтты.

Іссапардың негізгі мақсаты –құқық қорғау органдарының аудан деңгейінде қалыпты жұмыс жасауына ненің  кедергі келтіретінін, ведомствоаралық деңгейде шешілетін  мәселелердің бар/жоқтығын анықтау болып табылды.

Ведомствоаралық жұмыс тобымен көшелердің түнгі уақытта жарықтандырылмауы  нәтижесінде,  Хромтау ауданы ІІБ ЖБО (жедел басқару орталығымен) жүзеге асырылатын  бейнебақылаулардың   тиімсіздігі, камералар арқылы   түнгі мезгілде көру  мүмкіндігінің  жоқтығы анықталды.  

Осы мәселені шешу үшін аудан әкімдігіне  бейнекамералар  орналастырылған  жерлерге 15 көше шамын орнатуға   ұсыныс берілді.  

Техникалық  күрделі мәселелердің болуы  салдарынан көші-қон полициясының қызметімен байланысты мәселелер – нақты айтқанда,  ХҚКО –нда бір терезе принципімен жүзеге асырылуы тиіс  құжаттандыру, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тіркеуге алу және есептен шығару бойынша қызмет көрсетулер   АІІБ үй-жайында   жүргізіледі. Бұл аталған мекемеде  бақылау- өткізу режимінің болуына байланысты, қиындықтар  тудырады  және азаматтарды ұзақ уақыт  кезекке тұруға мәжбүрлейді.  

Осы жағдайға қатысты аталған мәселені  шешу үшін,  Орталық органдар атына – «Азаматтар үшін Үкімет Үйі» корпорациясы басқармасының төрағасына  және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасына техникалық мәселелерді жою туралы ақпараттық хат жолданды.

Өткізілген селолық округ тұрғындармен басқосу барысында азаматтарды құжаттандырумен байланысты мәселелердің   кездесетіні анықталды.

Мысалы,  жеті жыл бойы жоғалтып алған жеке куәлігін қалпына келтіре алмай жүрген  Никельтау селосының тұрғыны 1968ж.т.  К.Мырзатаев деге азаматтың  құжаттандыруға қатысты  мәселесі шешілді.

Осы селода тұратын зейнеткер Муканалинада  КСРО азаматының төлқұжаты, ал бұл оның балаларының құжат алуына кедергі келтірген.

Сонымен бірге іссапармен ІІБ мен денсаулықсақтау органдарының есірткі қылмыстарының алдын алу  мәселелері бойынша өзара іс-қимылында кездесетін  күрделі  мәселелер  анықталды.  

2016 жылы Хромтау ауданының ауруханасымен есірткі заттарын қолданғанын куәландыру үшін  қажетті наркотесттер сатып алынбаған, осының нәтижесінде полиция қызметкерлерінің  өздері өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр болған.   

Бұның нәтижесі ретінде, егер, есірткі пайдаланушылар есебінде тұратындар саны жүзге жуық   болса, биылғы жылы медициналық емес мақсатта пайдалану бойынша  бір ғана дерек анықталған.

Бұның шындыққа сәйкес келмейтіні түсінікті.

20.04.2017жылы Хромтау қ. рейдтік шаралар барысында Ведомствоаралық жұмыс тобымен 1 кг. асқа пайдаланылатын мак салынған пакет және 1л. ерітінді  алынған   Репухов С. ұсталды. Медициналық куәландару кезінде есірткі заттарын қолдану дерегі анықталды.

Тест Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшесінің  2 500 теңге жеке қаражатына сатылып алынған. 

Бұл ретте, құқық бұзушылықтардың болуына мүмкіндік тудырушы себептер  шамадан тыс  алкоголдік ішімдік ішу мен есірткі заттарын қолдану екендігі байқалады. 

Аудан тұрғындары  түнгі мезгілде  спирттік ішімдіктер саудасын  бақылаусыз  жүзеге асыратын  ойын-сауық орындары мен түнгі дүкендердің  жұмыс жасауын  күрделі мәселе ретінде атап отыр.  

Алдын алу  мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді , оның барысында алкоголдік ішімдікті түнгі уақытта сату деректері анықталып, иелеріне қатысты  әкімшілік іс қозғалды. 

Хромтау ауданында жол-көлік оқиғасы мен жол апаты салдарынан жарақат алу  санының көптігі  байқалады.   

Биылғы жылы 8(5) жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 9 (9) адам зардап шегіп, 1 (1) адам  қаза тапты.

ЖКО негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы бағыттағы жолға шығып кету болып отыр.

Осыған байланысты жобаны іске асыру шегінде ЖКО алдын алуды  күшейту  бойынша ұсыныстар әзірленді, жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы  ЖШС басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен   кездесулер ұйымдастырылды. Участкелік полиция инспекторларын үй-жаймен және тұрғын үймен қамтамасыз ету қиындық туғызып отыр,  бұл  олардың жұмыс орындарында  тұруға және құқық бұзушылықтың себептерін зерделеулеріне мүмкіндік бермейді.

18 УПИ-нің  4-еуі   тұрғын үймен қамтамасыз етілген, қызметтік үй-жай тек қана Көктау селолық округінде бар, қалған  УПИ кабинеттері мал дәрігерлері мен әкімдік мамандарының кабинеттерімен біріктірілген.   

Автокөлікпен қамтамасыз етуде де қиыншылық бар. 

Хромтау қ.  бірде бір участкелік инспектор қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілмеген, тек қана 3 селолық  участкелік инспекторларда автомашина бар. Алдын алу жүйесін қаржыландыру мәселесінде кездесетін қиындықтар ішкі істер органдарының қызмет тиімділігіне ықпал етеді.

Барлық күрделі мәселелер қиындықтарды жою бойынша бірлескен жоспарға енгізілді, олар Үйлестіру Кеңесінің алаңдарында шешілетін болады.  

Осындай жұмыстар облыстың басқа аудандарында да жүргізілетін болады.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.