You are here

«Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде «Прокурор Кубогын» табыстау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде «Прокурор Кубогын» табыстау  - 1508655841
Бүгін,  Қ.Жұбанов атындағы Өңірлік мемлекеттік Университетінде Ақтөбе облысы прокуратурасының «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде жоғары оқу орындары арасында  өткізілген «Ақтөбе облысы Прокурорының  Кубогы» зияткерлік байқауы  (интеллектуалдық конкурсы) қорытындыланды.
2016 жылы Ақтөбе облысында Ақтөбе облысы прокуратурасының «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру басталды. 
Аталған жобаның мақсаты  – студенттік шақтан ең білікті және жақсы  даярлықтан өткен кадрларды іріктеу.
Осы жобаны іске асыру шегінде және  жастардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мен құқықтық сана, заңға құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында, екінші жыл қатарынан жоғары оқу орындары арасында   «Ақтөбе облысы Прокурорының  Кубогы» зияткерлік байқауы  (интеллектуалдық конкурсы) өткізілуде.
«Прокурор Кубогы»  –   бұл аталған конкурсқа қатысу мен онда  жеңіске жету ғана емес,  сонымен қатар,  бұл – ең үздік студенттер Пулына кіру және прокуратура органдарына қызметке ораласу арқылы, келешектегі  өзінің мамандығын айқындау мүмкіндігі.
Жеңімпаздарды марапаттау облыс прокуроры Н.Әбдіровтың төрағалық етуімен және прокуратура органдары мен прокуратура ардагерлері  қоғамдық  Бірлестігінің төрағасының қатысуымен  өткізілді.
Құрметті бірінші және екінші орындар Қ.Жұбанов атындағы Университеттің 4 курс  студенттері  Ануарбеков Абзал мен  Хаджымукан Еламанға берілді. Үшінші орынды Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің 2 курс студенті Туматаев Нұрболат иеленді.
Облыс прокуроры Н.Әбдіров «Прокурор Кубогын»   Қ.Жұбанов атындағы Университеттің «Фемида» жеңімпаз- командасына табыс етті.
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
 «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде «Прокурор Кубогын» табыстау  - 56786863
 «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде «Прокурор Кубогын» табыстау  - 1032640844
 «Студенттік шақтан прокурор» жобасын іске асыру шегінде «Прокурор Кубогын» табыстау  - 1060963007

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.