You are here

Темір ауданының прокурорлары пробация қызметімен бірлесіп, пробация есебіндегі тұлғаларға нақты көмек көрсетті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Темір ауданының прокурорлары  пробация қызметімен бірлесіп, пробация есебіндегі тұлғаларға нақты көмек көрсетті - 1422407916

Темір ауданы прокуратурасының қызметкерлері пробация қызметімен бірлесе отырып, есепке алынған 35 тұлғаға толық медициналық тексеруден өтуге, 3 тұлғаға диспансерлік есепке тұруға жәрдем берді.   

         Пробациялық есепте тұратын әрбір тұлға бойынша электронды нұсқадағы әлеуметтік төлқұжат жасалды. 

         Кадрларды қайта даярлау мен еңбекке орналастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

         Сондай-ақ осы тұлғалар үшін «Жұмысқа орналас» науқаны өткізіліп, оның барысында 6 адам  өз мамандығы бойынша (дәнекерлеуші, күзетші,құрылысшы және т.б.) жұмыс тапты.

         Жыл басынан бастап барлығы 19 тұлға жұмысқа орналастырылған және 3 – еуі қайта оқытуға жіберілген. 

         Одан әрі тұрғын үй  салу үшін жер участогін алу кезегіне тұрмаған 3 тұлғаға қажетті құжаттарды жинауға және кезекке тұруға көмек берілді.

         Бірлесіп жұмыс жасау кезеңінде ауданда Консультативтік Кеңестің 2 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша әлеуметтік желілерде  және жергілікті баспасөз басылымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін қажетті ақпараттар орналастырылды.  

         Бұған қоса, есепте тұрған тұлғалар үшін  қажетті материалдар толық түрде жарияланған қаттамалар (брошюралар) әзірленіп, баспадан шығарылды.

         Психологиялық көмекті қажет еткен 15 тұлғамен, Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып,   психологиялық тренинг өткізілді.

         Күнделікті жұмыстармен қатар прокурорлар «Ағаш отырғыз, өз ауылыңды көркейт» науқанын өткізуді ұйғарып, науқан барысында есепке алынғандардың көпшілігі өз туған өлкелерін көгалдандыруға қатысты.  

         Патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында сынаққа алынған тұлғалар 9 мамыр мерекесін атап өту құрметіне арналған іс-шараларға тартылып, батырлар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.