You are here

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заң қолданыста

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңның қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына кінәлі тұлғалардан мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алуға қатысты бөлігіндегі талаптары  іске асырылуда.

        Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының прокуратурасы Заң нормаларын іске асыру процесінің заңдылығын қамтамасыз ету шараларын алуда.

        Бүгінгі күні облыс соттары Қорға 10 іс бойынша 13 сотталушыдан жалпы сомасы 264,5 мың теңге мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алды.

        Заң а.ж. 10 қаңтарында қабылданғандығын естеріңізге саламыз.

        Сотпен, соттың айыптау үкімі күшіне енген барлық кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынатын мәжбүрлі төлем – Қорды қалыптастырудың  негізгі көзі.

        Сотпен, процестік бұзушылықтар үшін салынған өндіріп алулар, сондай-ақ түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындаушы сотталғандардан ұсталынатын сомалар Қорды толықтырудың қосалқы  көздері болып табылады.

        Өтемақы, қылмыстан материалдық зардап шеккен, алайда, ашылмаған қылмыстар бойынша немесе кінәлі тұлға сот төрелігінен жасырынып жүргендіктен, залалды өндіріп алу мүмкіндігі жоқ тұлғаларға қолдау көрсету мақсатына  бағытталған.

        Мәжбүрлі өндіріп алу сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты  5-тен 30-ға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

        Заңға сәйкес, төлем өндірісі 2020 жылғы 1 шілдеде басталады.

        Төлемдерді төлеу:

- кәмелетке толмаған сексуалдық (нәпсіқұмарлық) зорлық-зомбылық  құрбандарына;  

- адам саудасы және азаптау құрбандарына;

- қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зардап келтірілген немесе ЖИТС вирусын жұқтырылған тұлғаларға;

- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, төлем оның заңды өкілдеріне жасалады.

         Сот мәжбүрлі төлемді өндіріп алуды 2018 жылғы 1 шілдеден бастап, аталған нормалар қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қолдана алады.

 

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.