You are here

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілген конкурс бойынша конкурс Комиссиясының қорытынды отырысының Хаттамасынан үзінді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілген
конкурс бойынша конкурс Комиссиясының қорытынды отырысының
Хаттамасынан үзінді

 

Ақтөбе қаласы                                             № 2                            9 ақпан 2018 жыл

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1. Ақтөбе облысы прокуратурасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өткiзiлген жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) бойынша жүргізілген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде кандидаттарды бағалау және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асыру.

Комиссия хатшысы Ж. Жетпісбаева баяндады:

Ақтөбе облысының прокуратурасымен 25.01.2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос қызмет орындары пайда болуына байланысты жалпы конкурс (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) туралы хабарландыру жарияланды:

- Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-О-5 санаты, 1 бірлік;

- Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Хабарландыру қосымша түрде 25.01.2018 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21 ақпан 2017 жылғы  № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 89 тармағына сәйкес, әңгімелесу 09.02.2018 ж. белгіленді.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретінде «Ақтөбе облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрайымы  -  Таджибаева Мария Сейт-Ахметовна қатысты.

Алайда, аталған лауазымдарға қатысуға өтініш берген кандидат Гаипбаев Рахат Джалгасбаевич белгісіз себептермен әңгімелесуге келмеді (соғылған қоңырауға жауап бермеді).

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде конкурстық комиссия, ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас мамандары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өткiзiлген жалпы конкурсты (екінші ішкі конкурсы өткізілмеген) өткізілмеген деп санауды.

2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29 бабының 2-1 тармағына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне аталған бос лауазымдарға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізбестен, жалпы конкурс өткізуді келісу үшін құжаттарды қайта жолдауды.

 

 

Төрағасы:                                                                                               Ж.Даулембаев

Хатшысы:                                                                                                 Ж. Жетпісбаева

 

 

 

Бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін әңгімелесуге жіберу туралы хабарландыру

 

Конкурстық комиссияның 2018 жылдың 7 ақпанындағы № 1 хаттамасына сәйкес, Гаипбаев Рахат Джалгасбаевич келесі бос лауазымдарға орналасу үшін әңгімелесу өткізуге жіберілсін:

- Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде), С-О-5 санаты, 1 бірлік;

- Ақтөбе облысы прокуратурасы Аппаратының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

 

Әңгімелесу өткізу  орыны: Ақтөбе қ, Ө.Сейітов көшесі 6.

Әңгімелесу өтетін күні және уақыты: 09.02.2018 жыл, сағ. 10:00

 

 

Ақтөбе қаласы                                             № 3                            29 қаңтар 2018 жыл

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1)Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокуратурасының жетекші маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға өткiзiлген конкурс бойынша жүргізілген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде кандидаттарды бағалау және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асыру, С-R-5 санаты, 1 бірлік;

Комиссия хатшысы Ж. Жетпісбаева баяндады:

Ақтөбе облысының прокуратурасымен 11.01.2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос қызмет орыны пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокуратурасының жетекші маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде) бос қызмет орынына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыру қосымша түрде 11.01.2018 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтында жарияланды.  

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21 ақпан 2017 жылғы  № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 89 тармағына сәйкес, әңгімелесу 26.01.2018 ж. белгіленді.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретінде «Ақтөбе облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрайымы  -  Таджибаева Мария Сейт-Ахметовна қатысты.

Әңгімелесу кезінде Байтурсынов Ахмет Куанышулы тыңдалды.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия, ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокуратурасының жетекші маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін, Ақтөбе облысының прокурорына Байтурсынов Ахмет Куанышулын ұсынуды.

 

 

Төрағасы:                                                                                                 Ж.Даулембаев

Хатшысы:                                                                                                 Ж. Жетпісбаева

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.