You are here

Ақтөбе прокурорлары жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігін тексерді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Бас Прокурордың тапсырмасы негізінде, автомобиль көлiгi және жол қауiпсiздiгi туралы заңнаманы қолдануды тексеру кезінде, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасымен берілген 75% лицензияларын, Ақтөбе облысының прокурорлары заңсыз деп таныды.

         Соңғы 2,5 жыл ішінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасымен жолаушылар тасымалы үшін 24 лицензия берілгені анықталды.

         Аталған сандардың ішінде прокурорлар 18-ін немесе 75% лицензияны заңсыз деп таныды.

         Тасымалдау құқықығын заңсыз беру жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірді.

         Рұқсаттарды беру кезінде бұзушылықтардың сипаты басқаша болды (көптеген жағдайларда лицензиялар жиынтық бұзушылықтармен берілді).

         Мысалға, 17 лизенция көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы құжаттары жоқ тасымалдаушыларға берілді.

         14 лицензиат медициналық қызмет пен жұмысшылары болмағандықтан, жүргізушілерден алдын-ала тексеру жүргізбей өз қызметін жүзеге асырды.

         14 жағдайда лицензиялар қоғамдық көлікті алдын-ала техникалық байқаудан өткізу үшін қызметкерлердің біліктілігін, сондай-ақ автокөлік құралдары жүргізушілерінің қажетті тәжірибесін расматай берілді.

         Басқарманың өкілетті тұлғаларының кінәсі прокуратурының ұсынуы негізінде өткізілген облыстық әдеп кеңесінің отырысында дәлелденді.

         Кеңестің ұсынысы  негізінде Басқарманың 3 қызметкері, соның ішінде басшысы, мемлекеттік қызметке кір келтiргені үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

         Сонымен қатар, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде заңсыз берілген лицензияларды қайтару жөніндегі облыс әкімдігінің 18 талап арыздары қаралуда.

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.