Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
2017 жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе қаласының №56 орта мектебінің базасында оқушылардың құқықтарын қорғаудың және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алудың өзекті мәселелері бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасы алқа мәжілісінің көшпелі отырысы өткізілді.
Алқа мәжілісінің жұмысына жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың, Ақтөбе қаласы мектептері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобымен Ақтөбе қаласының 5 мектебі зерттелді, оның  барысында бірқатар жүйелі проблемалар анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған мектептерде іс жүзінде оқушылардың сабаққа 70% қатысуының орнына 100%  қатысуы қамтамасыз етілді, 4,5 мың оқушы немесе 73 % әртүрлі секциялар мен үйірмелерге тартылды, 20 мұғалімді қайта даярлау жүргізілуде, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 46 педагог даярлықтан өтуде және т.б.   
Прокурорлық тексерулерлің қорытындылары бойынша 60 кәмелетке толмағандардың конституциялық және мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, 32 жетім бала тұрғын үй алу үшін есепке алынды, көпсалалы колледждегі 7 жетім-балаға 224 мың теңге сомадағы жәрдемақы төленді.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссияның формальді отырыстары үшін қадағалау актілері бойынша Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.  
Ювеналдық полицияның құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сапасыз жұмыстарының негізгі себептері анықталды. 
Оларға келесілер жатады:
- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың жеткіліксіздігі;
- инспекторларды оларға тиісті емес міндеттерді орындауға  тарту.
Нәтижесінде  кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады.
Балаларды тәрбиелеу мен қорғаудағы негізгі ролі ата-аналардың міндетінде қалады, ал олар білім беру мекемелерімен өткізілетін іс-шараларға барлық кезде бірдей тиісті деңгейдегі түсіністікпен  қарамайды.
Атап айтқанда, бұл мектептерде смартфондарды пайдалануға тыйым салу талабын орындауға қатысты. Мектеп аймағында және  мектептен үйге қайтар жолдарда оқушылардың гаджетін ұрлау бойынша өткен жылы 20, ағымдағы жылы 3 дерек тіркелген.
Отырыс қорытындылары бойынша ата-аналарды мектептердегі балаларға білім беру мен тәрбиелеу ісіне жаппай тарту; құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол бермеуге баса назар аудара отырып, меморгандармен мектептерге жүргізілетін тексерулер санын азайту; үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану  туралы шешім қабылданды. 
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.