You are here

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру жалғасуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жұмыс облысымыздың 5 ауданында (Алға, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Байғанин) және Ақтөбе қаласында  жүргізілуде.
Алғашқы 6 жұмыс күн ішінде облысымыздың 70,5 мыңнан астам тұрғыны 453 әртүрлі шаралармен қамтылды. Нақты көмекті 582 адам алды.
«Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясымен 46 аз қамтылған отбасына материалдық көмек көрсетілді.
Нақты айтқанда, Шалқар және Байғанин аудандарында көмек қажет ететін аз қамтылған отбасыларға азық-түлік өнімдерінің жиынтығы берілді.
Шалқар ауданының Біршоғыр ауылдық округінде аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге олардың материалдық қажеттеліктері үшін ақшалай көмек көрсетілді.
Ауылдық округтің 9 тұрғынына «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін билеттер берілді.
Көрсетілген аудандарда 15 азамат жұмыспен қамтылды. 316 жұмысшыға олардың еңбек құқықтары түсіндірілді. Еңбек келісім- шарттарына тұру қамтамасыз етілуде.
1621 адам облыстың жетекші дәрігерлерінен медициналық тексерістен өтті, оның ішінде 23-не облыстағы мамандандырылған медициналық ұйымдарына толық ем алу курсынан өту үшін жолдама берілді.
Атап айтқанда, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне жолданған ауыл тұрғыны дереу санитарлық авиациямен Астана қаласындағы Кардиология орталығына жатқызылып, оған астаналық дәрігерлермен шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Жылжымалы стоматологиялық кешенмен 119 адам қамтылып, оның ішінде 60 бала ем алды.
Профилактикалық қараумен 1 мыңнан астам оқушы қамтылды, 94-і ем алуға алынды.
Облысымыздың жетекші дәрігерлерімен аудандық ауруханаларда 5 хирургиялық оталар жасалды.
Осылайша, облыстық медициналық орталықтың дәрігерлерімен Байғанин ауданында 5 емделушіге, соның ішінде 7 жасқа дейінгі 1 балаға әртүрлі көрсетулер бойынша хирургиялық ота жасалды.
Жұмыс топтарының сарапшыларымен бизнес ортаны дамыту бойынша шаралар алынуда.
Байғанин ауданы мен Ақтөбе қаласының 956 тұрғындарына бизнес жүргізу негіздері және оны мемлекет тарапынан қолдау бағдарламалары жеткізілді.
60 кәсіпкерге қызметкерлер құрамын басқару дағдыларына оқытылды. 75% ауылдық әкімдер тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту дағдыларына ие.
Орта және кіші бизнес нысандарына көңіл бөлінді.     
Мәселен, «Алтын» шаруа қожалығына «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 18 бас ірі қара малын алу үшін 3,5 млн. тенге мөлшерінде несие алуға көмек көрсетілді.
«Ер-Нұр» шаруа қожалығына «Пригородный» ЖШС картоп тұқымын алу үшін келісім жасауға көмек көрсетілді.
Қорайлы ауылдық округінің бір тұрғынына қоян өсіру ісімен айналысу үшін тиісті мемлекеттік бағдарламадан несие алуға көмек берілді.
«Алибек» ш/қ субсидия алу үшін қажетті электронды цифрлық қолтаңба алуға көмек көрсетілді.
Жеке кәсіпкерлердің біріне әлеуметтік орынды пайдалану үшін жалға алу төлемі төмендетілді.
«Ақтөбе-Агросервис» ЖШС-не күн қуатымен жұмыс істеуге арналған генераторлар панелін алуға көмек берілді.
Өткізілген тренингтер нәтижелері бойынша 20 ауыл әкімі тұрғындарды кәсіпкерлікпен айыналысу уәждемесіне дағдыландыруға үйретілді. Тестілеу өткізу арқылы олардың алған білім деңгейлері анықталды.
Байғанин ауданы және Ақтөбе қаласының 527 тұрғынына және кәсіпкерлерге салық заңнамасымен енгізілудегі жаңалықтар түсіндірілді.
Іс-шаралармен тұрғын жайларды жалға берумен айналысатын 13 (4 тұлға ЖК ретінде есепке қойылды) тұлға және жолаушылар тасымалымен айналысатын 7 тұлға (2 тұлға ЖК ретінде есепке қойылды) қамтылды.
Жүгізілудегі ауқымды түсіндіру жұмыстары барысында теологтар, имамдар және өзге де сарапшылардан тұратын топ ауыл тұрғындарымен жеке және топ болып, соның ішінде деструктивтік діни ағымды ұстанушылармен де кездесулер өткізуде.
Тұрғындардың барлығына профилактикалық ықпал ету көрсетілуде. Бүгінге 1,4 мың оқушыға, ата-аналар мен ұстаздарға зайырлы қоғамның құндылықтары, дәстүрлері мен Қазақстан халықтарының бірлігі, Президенттің жолдауы, сондай-ақ деструктивтік діни танымдар мен радикализмнің қауіптілігі түсіндірілді.
35 имамға және мешіт қызметкерлеріне танымдық сабақтар өткізілді. Діндарларға қатысты мәселелерге назар аударылуда. 225 ауыл тұрғынына жеке теологиялық көмек көрсетілді.
Алға және Мұғалжар аудандарына ОҚО 2 белгілі теолог мамандар келіп, сенушілермен жұмыстарын бастап  кетті.
 Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында әлеуметтік және тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде.
Әртүрлі мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде ағымдағы жылдың 3 сәуірінен бастап деструктивтік діни ағымдардың қауіптілігін және қатерін ашып көрсететін бейнероликтер көрсетілуде.
Экстремистік сипаттағы 70 бейнематериалдар анықталып, оларды жою және тежеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
6 күн ішінде Алға және Мұғалжар аудандарының 10 мың тұрғындары террористік акті жасау қауіпі туған кезде және террористік акті жасалған кезде өзін қалай ұстау қажеттігі жөнінде машықтамалар алды. Соның ішінде 1,4 мың оқу орындарының оқушылары мен ұстаздары.
Осы мақсатта 9,8 мың ауыл тұрғындарына қоғамдық орындарда  тақырыптық инфографикалар таратылды.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу мәселесі бойынша 34 нысан тексеріліп, 5 объекті қызметкерлерімен төтенше жағдайлар, соның ішінде террорлық акті жасау қауіпі төнген жағдайдағы іс-қимылдар машықталды. Жедел-профилактикалық шаралар өткізілді.
«Қару» жедел алдын алу іс-шараларының шеңберінде 512 азаматтық қарулардың иелері тексерілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 13 әкімшілік іс қозғау хаттамалары жасақталды. «Участок» іс шарасын өткізу кезінде 78 үй иелері тексерілді. «Мигрант» жедел іс-шарасы барысында 338 тұлға тексерілді. 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Жекелеген шаралар арқылы құқыққорғау органдарының өзара іс-әрекет ету мәселелері қамтылды.
Нақты айтқанда, Алға және Мұғалжар аудандарында 2 инструкторлық және тәжірибелік сабақтар және де 2 командалық-штабтық жаттығулар өткізілді. Аудандық жедел штабтарға олардың туындаған қауіпке қарсы тұру әзірліктерін көтеру мақсатында әдістемелік және іс жүзінде көмектер көрсетілді. Аталған іс-шаралармен барлығы 266 адам қамтылды.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру жалғасуда.
 
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.