You are here

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері - 1907790166
2017 жылдың 12 сәуірінде Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасының көшпелі алқа мәжілісінің отырысы өткізілді.
Алқа мәжілісінің жұмысына кәсіпкерлер палатасының, жергілікті өкілдік, атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Облыс прокуратурасымен өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен және   облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Штабы құрылды, ол өз жұмысын атқару уақытында бірқатар жүйелі проблемаларды шешті.
Шешімін таппай жүрген бизнес жүргізу үшін жер бөлу мәселесі шешілді, нәтижесінде Хромтау ауданының 96 кәсіпкеріне бизнес жүргізу үшін жер бөлінді, «Ақтөбеэнергоснаб» АҚ-мен, кәсіпкерлерден электроэнергияның өтінім білдірілген көлемін өсіргені үшін,  айыппұл өндіру тоқтатылды, Темір ауданында 42 кәсіпкерге алкогольдік өнімдерді сақтағаны  және сатқаны үшін артығымен өндірілген 3,5 млн. теңге лицензиялық алым кері қайтарылды.
Бұл проблемалар бойынша бизнес субъектілерінің шағымдануы  тоқтады.
Бизнесмендерді қылмыстық қудалау аясына тарту жағдайларын зерделеу арқылы, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді 5 есеге дейін қасқартуға қол жеткіздік, егер, 2015 жылы 244 қылмыстық іс болса, 2016 жылы  тіркелген істер саны- 43 құрайды.
Жүргізілген талдаумен жаңа жүйелі проблемалар анықталып, олардың ішінен кейбір жекелегендері  алқа мәжілісінің отырысында шешімін тапты.
Мысалы, облысымыздың 8 ауданында тұрақты сауда орындары белгіленбегендігі атап көрсетілді. Осыған байланысты облыс әкіміне республикамыздың өзге өңірлерінің шағын кәсіпкерлікті дамыту іс-тәжірибесін ескере отырып, аталған кемшіліктерді шешу туралы ұсыныс жасалды.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қатысты, облыс әкімдігіне бір ай мерзім ішінде облыстың елді мекендерінде сауда орындарын, о.і. Астана қаласының, осындай орындарды ұзақ мерзімге жалға беретін тәжірибесін зерделей отырып, белгілеу   ұсынылды.
Сондай-ақ, әкімдік алдына қойылған тағы бір мәселе –  газбен қамту және қауіпті техникалық құрылғы-жабдықтарды есепке қою жобаларын келісуді реттеу. 
Облыстық мәслихатқа аймақты көркейту ережелерінің сақталуын бақылайтын уәкілетті  мемлекеттік органды анықтау  және бақылау жүргізу тәртібін белгілеу  ұсынылды.
Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау Департаменті бөлшек сауда иелеріне сатылатын тауарлардың сәйкестік сертификаттарын ұсыну туралы талаптардың бұзылуын жоюға бағытталды.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Департаменті алқа мәжілісінің шешімі бойынша бір ай мерзім ішінде  «КазТрансГаз Аймак» АҚ Ақтөбе филиалының бизнес субъектілеріне тауарлық газды жеткізгені үшін 100%-дық  алдын ала төлем талап етуінің заңдылығының бағасын береді.
Сонымен қатар, Штабтың құрамына өзгерістер енгізілуде, оған кәсіпкерлердің жүйелі жол берілетін күрделі мәселелерін шешу үшін, құқық қорғау және мемлекеттік бақылау және  қадағалау органдарының өкілдері енгізілетін болады.   
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі 
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері - 1994326357
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері - 1236871485
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері - 294149962
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері - 1204346711

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.