You are here

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдің нәтижелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша  дөңгелек үстелдің нәтижелері - 80057982

Ақтөбе облысы прокуратурасының ғимаратында 27.12.2017 ж. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық  қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін  жаңғырту мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ  қылмыстық қудалау органдарында «Электронды қылмыстық іс» жобасын енгізу   бойынша  дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында прокуратура,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының және адвокатура  қызметкерлері  өзара пікір алмасты және заңнамаларға өзгерістер енгізуді іске асыру жұмыстарын ұйымдастырудың  негізгі міндеттері туралы өз пікірлерін ортаға салды.  

Мәселен, оның прогрессивтік новеллаларының арасында тұлғаларды ұстау мерзімдерінің 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайтылғаны, адвокаттардың өтінішхаттар енгізу мен дәлелдемелерді жинақтау бойынша өкілеттіктерінің кеңеюі атап көрсетілді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,  әртүрлі тергеу әрекеттерін – кепіл, мәжбүрлі куәландыру, үлгілерді алу, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді санкциялауды сотқа  сатылап (кезеңдеп) беру  жалғастырылды.

Экономикалық қылмыстарға қатысты айтар болсақ, бұндай істер  бойынша енді қамауға алуды  бұлтарпау шарасы ретінде қолдануға жол берілмейтіндігі  заңнамалық негізде бекітіледі ( 6 және 36-б.б. қоспағанда).Соңғыларға жалған ақша жасаушылық, рейдерлік,  қаржы пирамидасын құру және басқа ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалған қылмыстар жатады.

Қамауға алуға балама шара ретінде қазіргі уақытта кепіл кеңінен қолданылуда. Бұл тек күдіктінің өзін ғана   «құтқарып»  қоймайды, сонымен қатар оның, штаттық режимде жұмыс жасауды жалғастыра беретін  жұмысшыларын да құтқарады.   Бұған қоса, егер мемлекетке келтірілген шығын, оның кінәсі дәлелденген кезде, кәсіпкермен қайтарылатын (өндірілетін) болса, онда оның қылмыстық жауаптылықтан мүлдем босатылуы мүмкін.

Сондай-ақ , жоғарыда айтылғандай, тексеру, ревизиялар немесе  аудиттер  актілерімен расталған шығын, елеулі залал немесе заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ арыз-шағымдар мен хабарламалар бойынша тергеп-тексерулерді бастау мүмкіндігін жоққа шығаратын қылмыстарды тіркеуге алуға шектеу енгізілген. Бұған азаматтық –құқықтық  мәмілелерді орындамауға немесе тиісті деңгейде орындамауға негізделген, жазбаша түрде жасалған және сотпен жарамсыз, жалған, жасанды  деп танылмаған  құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар да жатады.

Енді бұл заңнамалық негізде Қылмыстық – процессуалдық кодексте бекітілді және мүлтіксіз сақтауға жатады.

Аталған жағдай  қылмыстық сот ісін жүргізудегі айқындылықты арттыруға және  құқық қорғау механизмдерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса,  дөңгелек үстел барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру  органдарын  Электронды қылмыстық іс форматына көшіру жоспары талқыланды.

Тергеп-тексеруді электронды форматқа кезең-кезеңмен  көшіру, олардың мерзімдерін қысқартуға , қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тергеп-тескреу сапасын арттырады, материалдардың жалғандығын  азайтады, қылмыстық іс материалдарына уақыт талабына сай қолжетімділікті қамтамасыз етеді  және қылмыстық қудалау органдары мен азаматтар арасында өзара шынайы сенімділік  қарым-қатынас орнатады.

Е-УД енгізу мақсатында,  «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай Тізілімі» ақпараттық жүйесінің  базасында  Ақтөбе облысының аймағында тиісті жұмыс тобы құрылды, онымен техникалық құрал-жабдықтарға қажеттілік бойынша есеп-айырысулар жүргізілді. 

 Қазіргі уақытта ақша қаражаттарын бөлу және  қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу  жұмыстары жүргізілуде.

 

Ақтөбе обылысы  прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.