You are here

Қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану тәртібі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық процестік кодекстің 106-бабына сәйкес, егерде қылмыстық процесс кезінде тұлғаның құқықтары бұзылса, ол сотқа шағымдануға құқылы.

         Шағым мынадай жағдайларда беріледі:

- қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартқан жағдайда;

- заңсыз қылмыстық істі тоқтату;

- заңсыз қылмыстық істі қысқарту;

- заңсыз тінту мен алу жүргізгенде және т.б. шешімдер қабылдаған жағдайда.

Сотқа шағымданудың басты басымдылығы – ол қысқа мерзімде шағымның қаралуы. Яғни, шағым бірінші сотыдағы сотта 3-тен 10 тәулікке дейін қаралса, ал апелляциялық сатыда 3 тәулік ішінде қаралып, соңғы шешім қабылданады.

Салыстырмалы түрде, прокуратура немесе полицияға шағымдану барысында кейде шағымдар 15-тен 30 тәулікке дейін қаралса, ал жоғары тұрған инстанцияларға шағымдану кезінде қарау мерзімдері оданда көп ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Демек, сотқа шағымдану кезінде біріншіден арыз иесінің уақыты үнемделсе, екіншіден оның қолында барлық органдарға орындалуы міндетті сот шешімі болады.

Осыған байланысты, Сіздерге қылмыстық процесс кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қылмыстық процестік кодекстің 106-бабында көрсетілген құқықтарыңызды қолдану қажеттілігі түсіндіріледі.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.