You are here

«Қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесін көтеру мақсатында қылмыстық іс жүргізуді оңтайландыру»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу дәрежесін көтеру мақсатында қылмыстық іс жүргізуді оңтайландыру» - 832396634

Облыс прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығын орындау мақсатында барлық облыстық ІІД-нің қала және аудан бөлімдерінде «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасы іске асырылуда.

          Атап айтқанда, ішкі істер органдарының барлық қала және аудандары бөлімдерінде кезекші прокурор бөлмелері орналастырылып, қажетті ақпараттық жүйелермен жабдықталған.

          Облыс прокуратурасымен полиция бөлімдерінде ақпараттық тақталар орнатылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған пилоттық жобаның іске асырылып жатырғандығы, соның ішінде «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасы арқылы хабарланған.

          2017 жылдың 23 қыркүйегі бойынша ішкі істер органдарымен пилоттық жоба аясында облыс бойынша жалпы 10 тәулікке дейін аяқталған қылмыстық істер саны 82,3%.

          Соның ішінде, жедел тәртіппен 268 қылмыстық іс сотқа жолданған болса, жеделдетілген тергеп-тексеру қылмыстық істері 186, хаттамалық нысанда 78, процестік келісіммен 5 іс.

          Бір орында талдау приципі бойынша 247 тұлғаның сұрағы шешіліп, прокуратураға түсетін шағымдардың 26%-ға дейін төмендеуіне қол жеткізілген.

          Біріккен қарым қатынас және жұмыс жүргізу мақсатында, облыстық прокуратура ішкі істер органдарымен, соттармен және адвокаттар алқасының арасында бірлескен меморандумға қол қойылып, ол бойынша тергеу мерзімдері барынша қысқартылып сотқа жолданып, қысқа мерзім ішінде сотта қаралып, сот актілері шығарылу қарастырылған.

          Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында «Полиция бөлімдеріндегі кезекші прокурор» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

          10 ішкі істер бөлімдерінің тергеу әрекеттерін жүргізу бөлмелері мөлдір қабырғалармен жабдықталған, тағы алтауы бойынша осындай жұмыстар жүргізілуде.

          Қылмыстық процестің барынша мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында, тергеу әрекеттері жүргізілетін бөлмелерінде (тергеуші, анықтаушы және жедел уәкіл бөлмелері) бейнебақылау камералары орнатылып, күтушілер отыратын орынға экран арқылы шығырып, қарап отыруға мүмкіндік беретін жұмыстары жасалынуда.

              

Ақтөбе облысының прокуратурасы    

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.