You are here

Қылмыстық процесті жаңарту шегінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы жылдары облыс прокуратурасы органдары жалпы қылмыстылықты азайтуға бағытталған кешенді алдын алу шараларын алу арқылы бірқатар  жұмыстар жүргізді. 

Аталған жұмыс  оң нәтижесін берді, мәселен 2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша тіркеуге алынған қылмыстық құқық бұзушылықтардың санының азаюы 23,5 % (14 773-тен 11 300-ге дейін) құрады.

Айта кету керек, атап көрсетілген төмендеуге қылмыстар айырмасында ауырлығы орташа  дәрежедегі қылмыстар санаты бойынша 26,9%, онша ауыр емес қылмыстар санаты бойынша 21,6%, ауыр санаттағы қылмыстар бойынша 5,6% және теріс қылықтар бойынша 16% ға қол жеткізілді.

Бұған прокуратура органдарының, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының СДТБТ– не арыздар мен хабарламаларды жаппай  тіркеу бойынша қалыптасқан  тәжірибесін өзгерту бойынша жоспарлы түрде жұмыс жасауы мүмкіндік берді, осының  нәтижесінде азаматтарды қылмыстық қудалау аясына негізсіз тарту деректері азайтылды.

 «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасын іске асыру  жалғастырылды.

Жоба шегінде тұтастай алғанда 367 іс немесе 80,5%10 тәулікке дейін (оның ішінде 119 немесе 35,3% 3 тәулікке дейін,  102 немесе  32% 3-тен  7-тәулікке дейін, барлығы – 146 немесе  32,7%  7-ден 10 тәулікке дейін) жолданды.

Жеделдетілген тәртіппен  жолданған ЖСДТ- 238, хаттамалық нысанда - 121,  процессуалдық келісіммен  - 8 іс,  297 шағым «сол орнында қарап, шешу» шегінде қаралды.

Полиция ғимаратындағы кезекші прокурор тек  істерді зерделеп қана қоймайды, азаматтардың жеткізілу заңдылығын тексереді және оларды қабылдайды, барлық күрделі мәселелерді қағазбастылыққа салынбай, жедел түрде шешеді.  Сөйтіп, біз кезекші прокурордың жаңа мәртебесі туралы сөз қозғап отырмыз.

Осындай жұмыстар прокуратураға шағымдануды   7,6% ( 1 675 тен 1548 дейін) азайтуға мүмкіндік берді.

Процессуалдық  прокурорлар саны көбейтілді.

Процессуалдық  прокурорлар өндірісінде 129 іс бар, сотта 25 іс қаралуда. Избасар ҰҚТ-на қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, іс сотқа жолданды.    

Сонымен бірге біздермен қала, аудандық  деңгейдегі прокуратура қызметкерлерінің, сондай-ақ облыс аппаратының басқа салалық бөлімшелері қызметкерлерінің  қатарынан процессуалдық  прокурорлар тағайындау бойынша ережелер әзірленді.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.