You are here

Пресс релиз

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында, Ақтөбе қаласында прокурорлар әйел-полиция қызметкеріне екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрағандығы туралы ақпарат таратылуда.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Жанат Ахетова мен  Мирас Ибадуллаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша жарыс сөздер барысында мемлекеттік айыптаушының позициясы толық көлемінде жарияланбағандығын хабарлайды.

Мемлекеттік айыптаушы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының негізінде, Ахетованың жас баласы барын, орта дәрежедегі қылмыс жасағанын ескере отырып, соттан оны негізгі жазадан босатуды сұраған.

Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы Мирас Ибадуллаевқа қатысты рахымшылық актісі негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазасын бостандығын шектеу түріндегі жазасына ауыстыруын сұраған.

Аталған қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде белгісіздерімен ағымдағы жылдың Ж. Ахетованы қолдау және жазаның қаталдығына байланысты наразылық білдіру үшін 28 сәуір күні сот ғимаратының алдында  жиналу туралы хабарламалар жариялануда.

Осыған байланысты, сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасауға жол берілмейтіндігі және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатындығын ескертеміз.

Одан басқа, Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы Заңымен белгіленген талаптарды сақтау қажет.

 

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.