You are here

Заңсыз тексеру үшін жазаланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратурамен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының ветеринария бөлімінің жетекші маманына қатысты кәсіпкерлік субъектісіне тексеру тағайындаусыз тексеру жүргізуімен байланысты әкімшілік  құқық бұзушылық туралы  іс қозғалды.

Прокурорлармен ветеринария Бөлімінің маманы тексеру тағайындаусыз Ш.Берсиев атындағы селолық округте орналасқан шаруашылық қожалығының басшысын шақырғаны және одан Ресей Федерациясынан әкелінген  26 бас  ІҚМ сатып алу және  олардың одан арғы жағдайы бойынша түсініктемесін  алғандығы анықталды.

Маманның іс-әрекеті  прокуратура жанындағы құқықтық статистика органдарында тіркелмеген тексеру шаралары ретінде танылды.

Прокуратурамен қозғалған істі қарау нәтижелері бойынша аудандық соттың 31 наурыз 2017 жылғы қаулысымен, белгіленген жүргізу тәртібінің талаптарын  бұза отырып, тексеру жүргізгені үшін, маманға  жалпы сомасы   45 380 теңге 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түрінде  әкімшілік жаза тағайындалды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.